Электрмен қамтамасыз ету

Әмірбек Динара Әмірбекқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пәнде электр энергиясын тұтыну режимдерін қалыптастырудың физикалық негіздері, электротехникалық жабдықтардың және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділік деңгейіне қол жеткізу үшін режимдердің интегралдық сипаттамаларын есептеу және жобалық жүктемелерді анықтау, электрмен жабдықтау сапасының көрсеткіштері мен оқу әдістерін меңгеру қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электр станциялар мен қосалқы станциялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы мен жұмыс режимі туралы білім алу.
Міндет
  • Алынған білімнің көлемін практикалық қолдану, нормативтік, техникалық және анықтамалық материалдарды ескере отырып, өздерінің шығармашылықтарын практикалық жобалау мақсаттарында қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электр шамаларын анықтау әдістері, электр жүктемелерін есептеу әдістері, қуат сапасының көрсеткіштері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Осы пәнді оқығаннан кейін студенттер оқытылатын курстың негізгі бөлімдері туралы білім алып, олардың практикалық жобалауын, қолданыстағы және жаңадан жасалынған электр жүйелерінің жағдайын талдауға үйренуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Осы пәнді оқығаннан кейін студенттер: электрмен жабдықтау нысандары, өнеркәсіптік кәсіпорындар туралы нақты түсінік қалыптастыру керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Электрмен жабдықтау, жобалық құжаттаманы әзірлеу және енгізу үшін ең жақсы нұсқаны таңдау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алынған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдылары, электрмен жабдықтау жүйелерін талдау әдістерін қолдану, есептеу техникасының заманауи құралдарын қолдану.
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Оқушылардың білімді іздестіруге және басқаруға, есептерді өз бетінше шешуге тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды атап өткен жөн: - проблемалық және жобалық-бағытталған оқыту технологиясы; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, ми шабуылы, пікірсайыс және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; - ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Есептік жұмыс №1 "Кәсіпорындардың электр жүктемелерінің графиктері" 0-100
Есептік жұмыс №2 ""Жүктемелердің реттелген диаграммалары" әдісін қолдана отырып, қоректендіру тораптары және жалпы цех бойынша есептік жүктемелерді анықтау"
Есептік жұмыс №3 "Жүктеме есебі және реактивті қуаттың компенсациясы"
Есептік жұмыс №4 ""Орташа қуат және жүктеме графигінің пішін коэффициенті" әдісімен электр жүктемелерін анықтау (статистикалық әдіс)"
Есептік жұмыс №5 "Қорғау аппараттарын (сақтандырғыштар мен автоматтарды), цех желісінің сымдары, кабельдері мен шиналары қималарды таңдау"
СӨЖ №1 "Жұмыс принципі мен есептеу әдістерін білу"
СӨЖ №2 "Қуатты іріктеу тораптарында және соңғы қосалқы станцияда жоғары вольтты желідегі кернеудің жоғалуын және қысқа тұйықталу тоқтарын анықтау"
СӨЖ №3 "Трансформаторлардың саны мен қуатын анықтау және цех қосалқы станциясының орналасу орны."
Рубежді бақылау №1
2  рейтинг Есептік жұмыс №6 "Таңдалған автоматтар мен сақтандырғыштарды ажырату қабілеті мен сезімталдығына тексеру" 0-100
Есептік жұмыс №7 "ӨнеркТаңдалған автоматтар мен сақтандырғыштарды ажырату қабілеті мен сезімталдығына тексеруәсіп кәсіпорындарын электрмен жабдықтау жүйенің моделінің жұмыс режимдері"
Есептік жұмыс №8 "Кәсіпорын жүктемелерінің орталығын анықтау және цехтарды трансформаторлар таңдау"
Есептік жұмыс №9 "Кернеуі 1 кВ жоғары кәсіпорындарды электрмен жабдықтау схемалары"
Есептік жұмыс №10 "Қуат пен электр энергиясының шығынын анықтау. Техникалық-экономикалық есептеу. Реактивті қуатты компенсациялау"
СӨЖ №4 "1 кВ дейін және одан жоғары тарату құрылғылары мен жиынтықты жабдықтардың конструкциясы мен қолданылу саласы."
СӨЖ №5 "Электр энергиясын есепке алуға қойылатын қазіргі талаптар"
СӨЖ №6 "Электр қауіпсіздігінің қорғау шаралары"
Рубежді бақылау №2
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жоба 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Өнеркәсіптік электр тұтынушыларының сипаттамасы
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр жүктемелері
  • Электр жүктемелерін анықтауға арналған негізгі көрсеткіштер (коэффициенттер)
  • Электрлік жүктемелерді әртүрлі әдістермен анықтау
  • Реактивті қуатты компенсациялау
  • Реактивті қуаттың компенсациясын жобалау
  • 1 кВ дейінгі кернеу кезінде электр энергиясын жеткізу
  • 1000 В дейінгі желілерге арналған қорғаныс аппаратурасы
  • Кернеуі 6-10 кВ кәсіпорынның электр энергиясын зауыт ішінде бөлу
  • Кернеуі 1-ден жоғары өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы станциялары кВ (БТҚС, ЖГВ)
  • Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік және кабельдік желілер, ток өткізгіштер
  • Кернеуі 1 кВ жоғары қосалқы станциялардың тарату құрылғыларының жабдығы
  • Электр энергиясының сапасы
  • Электр энергиясын есепке алу
Негізгі әдебиет
  • 1.Кудрин Б.И. Электроснабжение промышленных предприятий: Учебник для высших учебных заведений. – М.: ИнтерметИнжиниринг, 2015. – 672 с.
  • 2.Электроснабжение и электрооборудование цехов / В.И. Григорьев, Э.А. Киреева, В.А. Миронов, А.Н. Гохонелидзе. – М.: Энергоатомиздат, 2013. – 246 с.
  • 3.Правила технической эксплуатации электроустановок потребителей. – М.: Изд-воНЦЭНАС, 2014. – 304 с.
  • 4.Руководящие указания по расчету токов короткого замыкания и выбору электрооборудования. –М.: ПЦЭНАС, 2017. – 152 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 5.Железко Ю.С. Расчет, анализ и нормирование потерь электроэнергии в электрических сетях. / Ю.С. Железко, А.В. Артемьев, О.Д. Савченко. – М.: Изд-во НЦЭНАС, 2017. – 278 с.
  • 6.Киреева Э. А. Электроснабжение и электрооборудование цехов промышленных предприятий : учебное пособие / Э. А. Киреева. – М.: КНОРУС, 2011. – 368 с.
  • 7.Коробов Г. В. Электроснабжение. Курсовое проектирование : Учебное пособие / Под общ. ред. Г. В. Коробова. 2-еизд., испр. идоп. – СПб.: Издательство «Лань», 2019. – 192 с.