Электрмен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау

Жағыпар Асхат Айтмұхамбетұлы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән жалпы электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудың негізгі тенденциясын, жобалау процесстерін оптимизациялау барысын оқытады. Жобалаудың негізгі нормативті-техникалық құжаттары, кәсіпорындардың электрлік жүетемелерін жобалауды, электрмен жабдықтаудың тиімді нұсқаларын таңдауды, электр жабдықтарын таңдауды, электр энергиясы сапасының көрсеткіштерін бағалауды оқытады

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Электр станциялар мен қосалқы станциялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • электрмен жабдықтау жүйесін жобалау жөнінде теория мен практика негізін меңгерген, алдыңғы қатарлы көзқарасы, техникалық ойлау қабілеті бар, электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудағы бар міндеттерді шешуге қабілетті жан – жақты бакалавр маманын даярлау
Міндет
  • электрмен жабдықтау жүйесін жобалауға қажетті жаңа заманғы есептеу әдістерін оқып үйрену, электрмен жабдықтау жүйесін жобалауды жүзеге асыру үшін қажет энергияны үнемдеуші технологиялар мен электр жабдықтарын дұрыс таңдай білуге дағдыландыру, технико-экономикалық көзқарас тұрғысынан оптималды шешім қабылдауға үйрену
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • электр шамаларын анықтау үшін есептеу әдістерін, қысқа тұйықталудың физикалық негіздері білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қысқа тұйықталу токтарының есептеу әдістерін білу және станция мен қосалқы станция есептері
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қосалқы станцияларды жобалауды, қондырғылардың электрмен жабдықтау схемасын білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Электр энергетикалық жүйелерге талдау жасау әдістерін білу, командамен бірге жұмыс жасай алу, өз пікірін дұрыс жеткізе білу, жаңашыл шешімдерді ұсыну қабілетіне ие болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Электр энергиясының сапасын жақсарту әдістерін, эксплуатациядағы электр энергетикалық жүйелерді оптимизациялау әдістерін білу. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, күнделікті кәсіптік іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін білімдерін тереңдету және білімдерін магистратурада жалғастыру
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын қолдану қарастырылады: - Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Білім алушыларды білімді іздеуге және басқаруға тартуға, проблемаларды өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет:- проблемалық және жобалық оқыту технологиясы; - оқу -зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, баспасөз конференциясы, миға шабуыл, білімдік пікірталас және басқа да белсенді формалар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - ойын технологиялары, оның аясында студенттер бизнеске, рөлдік ойындарға, имитациялық ойындарға қатысады; - ақпараттық -коммуникациялық (қашықтықтан оқытуды қоса алғанда) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық жұмыс 1 кВ дейінгі электр жүктемелерін есептеу 0-100
СӨЖ 1 цех үшін 1 кВ дейін күштік жүктемені есептеу
Практикалық жұмыс 2 зауыт бойынша 1 кВ дейінгі күш жүктемесін есептеу
СӨЖ 2 1 кВ дейінгі күштік жүктеменің есебі, зауыт бойынша формулярды толтыру
Практикалық жұмыс 3 Зауыт бойынша жарықтандыруды есептеу
СӨЖ 3 Зауыт бойынша жарықтандыруды есептеу түрлері
Практикалық жұмыс 4 Зауыт бойынша 1 кВ жоғары жүктемені есептеу
СӨЖ 4 Зауыт бойынша 1 кВ жоғары жүктемені есептеу
Ауызша сауалнама
Дәріс конспектісі
Тестілеу
2  рейтинг Практикалық жұмыс 5 Реактивті қуатты өтеуді есептеу 0-100
СӨЖ 5 реактивтік қуатты (КРМ)өтеуді ескере отырып, трансформаторлардың саны мен қуатын есептеу
Практикалық жұмыс 6 Электрмен жабдықтау нұсқаларының техникалық-экономикалық негіздемесі
СӨЖ 6 реактивті қуат балансын ескере отырып, 1 кВ-тан жоғары компенсаторлық құрылғыларды есептеу және таңдау
Практикалық жұмыс 7 қысқа тұйықталу токтарын есептеу
СӨЖ 7 1 кВ дейін және одан жоғары өткізгіш өнімдерді таңдау, 1 кВ-тан жоғары аппараттарды таңдау
Практикалық жұмыс 8 1 кВ дейін және одан жоғары электрмен жабдықтау схемаларын әзірлеу
СӨЖ 8 электрмен жабдықтау схемасын әзірлеу
Ауызша сауалнама
Дәріс конспектісі
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жоба 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жобалау мақсаты
  • Негізгі нормативтік-техникалық құжаттар
  • Жобалау кезеңдері
  • Кәсіпорынның электр жүктемесін есептеу
  • Реактивті қуаттарды қарымталау
  • Электр энергия және қуат шығыны
  • Қысқа тұйықталу токтарын есептеу
  • Өткізгіштер мен қондырғылырды қысқа тұйықталу тогының әрекетіне тексеру
  • Электротехникалық қондырғыларды жерге қосуды жобалау
  • Жобалау-техникалық құжаттаманы орындауға қойылатын стандарттардың талаптары
  • Электр энергиясы сапасының көрсеткіштері
Негізгі әдебиет
  • Ермилов А.А. Основы электроснабжения промышленных предприятий .- М.: Энергия, 2013 - 208с. 2 Князевский Б.А., Липкин Б.Е. Электроснабжение промышленных предприятий. – М.: ЭКСМО, 2016 - 400с. 3 Справочник по электроснабжению и электрооборудованию. Электроснабжение./ Под общ. ред. Федорова А.А. - М.: Энергия, 2017 – 456с.
Қосымша әдебиеттер
  • Справочник по электроснабжению и электрооборудованию. Электрооборудование./ Под общ. ред. Федорова А.А. - М.: Энергия, 2017 – 592с. 2 Справочник по проектированию электроснабжения линий электропередач и сетей./ Под общ. ред. Большама Я.М., Круповича В.И., Самовера М.Л. - М.: Энергия, 2017 – 696с. 3 Справочник по проектированию электроснабжения./ Под общ. ред. Круповича В.И - М.: Энергия, 2017 – 456с. 4 Справочник по проектированию электрических сетей и электрооборудования./ Под общ. ред. Круповича В.И., Барыбина Б.Г., Самовера М.Л. - М.: Энергоатомиздат,2019 – 401с, т. 1,2.