Берилий және оның қосылыстарын өндіру технологиялары

Сырнев Борис Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қазіргі заманғы бериллий өндірісінде қолданылатын негізгі үрдістер, құралдар мен жабдықтар. Өнімнің сапасына қойылатын талаптарды және аттестациялау әдістері әзірленуде. Бериллий өнімдерінің сапасын басқарудың заманауи әдістерін математикалық әдістермен зерттеу. Электронды микроскоп-микроанализатор мен рентгендік дифрактометрде жұмыс жасау әдістемесі.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде металлургияның белгілі бір саласы бойынша білім жүйесін және Қазақстанның атом өнеркәсібі өндірісіне сәтті бейімделуін қалыптастыру.
Міндет
  • Негізгі минералды шикізатты, шикізатты қайта өңдеудің технологиялық үрдістері, гидрометаллургиялық әдістермен концентраттарды ашу, металлотермия әдісімен шикі металды алу, техникалық және бериллийдің жоғарғы таза сорттарын алу арқылы вакуумдық қайта қалпына келтіру әдістерімен тазарту туралы білімдерді студенттерге үйрету. Студенттердің жоғары дайындық деңгейіндегі металлургиялық өнімдерді өндіру шегінде өндірістің негізгі технологиялық сызбаларын түсінуін қалыптастыру: металлдық оптикалық бериллий өнімдері, бериллийдің құрал-жабдықтарының сорты, күрделі пішіндерді штамптау. Технологиялық қондырғылар туралы түсінік беру: ыдырау және қалпына келтірілу пештері, вакуумды тазартқыш пештер, дистилляциялық пештер, изостаттар және т.б. Зерттелген сала мен техниканың кәсіби терминологиясын үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - Түсті және сирек металдар өндірісінің географиясын; - күкіртті полиметалл және тотықтырылған шикізатты қайта өңдеудің технологиялық сызбаларын; - түсті металлургиядағы қалдықтар түрлері, олардың жіктелуін; - түсті металдардың қалдықтарын өңдеу кезінде металлургиялық қондырғыларда ағып өтетін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық үрдістердің ағу үлгілері; - екінші реттік шикізатты кешенді пайдалануды арттыру жолдарын; - түсті металл кендерін қайта өңдеуде қолданылатын технологияларды жетілдірудің негізгі әлемдік тенденцияларын білу керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - минералогиялық және химиялық құрамды талдау негізінде түсті металлургия қалдықтарын өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдау; - материалдық және энергетикалық тепе-теңдік орнату, өңделген өнімнің құрамын және кірістілігін есептеу, құрылғының жұмыс өнімділігін анықтау; - қалдықтарды қайта өңдеу үрдісінің аймақтағы экологиялық жағдайға ықпалын болжау; - термодинамикалық және кинетикалық зерттеулерге негізге ала отырып, нақты шикізатты қайта өңдеу үрдісін моделдеу және басқару.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Металлургия саласында теориялық және тәжірибелік зерттеулер жүргізу кезінде алынған негізгі білімді сауатты түрде пайдалану; барынша мүмкін болатын қалдықсыз технологияларды жасау мақсатында технологиялық және стандартты емес шикізатты талдау және бағалау; - полиметалл шикізатын өңдеуге арналған дұрыс аралас технологиялық сызбаны таңдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда жұмыс істей алу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • минералогиялық және химиялық құрамды талдау негізінде түсті металлургия қалдықтарын өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдау; - материалдық және энергетикалық тепе-теңдік жасау, өңделген өнімнің құрамын және кірістілігін есептеу, құрылғының жұмысын анықтау; - қалдықтарды өңдеу процесінің аймақтағы экологиялық жағдайға ықпалын болжау; - термодинамикалық және кинетикалық зерттеулерді негізге ала отырып, нақты шикізатты өңдеуді модельдеу және бақылау.
Негізгі әдебиет
  • 1 Д. Уайт и Дж. Берк. Бериллий. – М: Из-во «Иностранной литературы», 1960. – 616с. 2 Дж. Дарвин и Дж. Баддери. Бериллий. – М.: Из-во «Иностранной литературы», 1962. – 319с. 3 М. Зеликман. Металлургия редких металлов. –М.: Металлургия, 1986. - 346с.