Мыс, никель және кобальт металлургиясы

Семилуцкая Оксана Валерьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Студент мыс, никель және кобальтты өндірудің теориялық негіздерін, олардың өндірісінің замамнауи технологияларының күйін және саланың даму болашағы жөнінде білімдерді игереді. Оқушы мыс, никель және кобальттың шикізат базасын және осы металдардың кендері мен концентраттарын қорытудың технологиялық сұбаларын білуі қажет. Ол осы металдарды өндіру кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын түсінеді және біледі.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Мыс, никель және кобальт металлургиясы» пәнін оқудың мақсаты келешек маманға металлургия саласында мыс, никель және кобальт өндірісінің теориясы мен технологиясын терең игеруге мүмкіндік беретін білімдер беру.
Міндет
  • Бақылау және курстық жұмыстардың мақсаты мыс, нкель және кобальтты алу бағытында практикалық есептерді шығару барысында «Мыс, никель және кобальт металлургиясы» пәнінің мазмұнын ашатын теориялық жағдайлар мен негізгі заңдылықтарды түсіну. Бақылау жұмысын орындау мыс, никель және кобальтты өндіріу процесін тереңірек түсінуге және металлургиялық есептеулерді жүргізуге практикалық машықтануға мүмкіндік туғызады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім: Оқушы білуі тиіс: - Мысты-никельді өндірістің шикізат базасын. Мыс, никель және мысты-никельді концентраттарды өңдеудің технологиялық сұлбаларын. - Мысты-никельді шикізатты металлургиялық өңдеудің технологиясы мен жабдықтарын. - Шарпымалы, шахталық және электр пештерінде штейн және қож түзілудің термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын. - Автогендік үрдістердің теориялық негіздері мен технологиясын. - Мыс, никель және мысты-никельді штейндерді қайта өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Мыс және никель концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Кобаль алудың теориялық негіздері мен технологиясын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Оқушы төмендегілерді істей алуы тиіс: - Химиялық құрамдары бойынша кендер мен концентраттардың минералдық құрамдарын есептеуді. - Технологиялық процестердің материалдық және жылу баланстарын құрастыра білуді. - Әдістемелік нұсқаулықтар бойынша зертханалық жұмыстарды орындай білу. - Орындалған зертханалық жұмыстарға қорытындылар жасай білу. Оқушы төмендегіге құзыретті болуы тиіс - Минералды шикізаттан өнімді рафинациялай бөліп алу кезінде химиялық тепе-теңдік заңдылықтарын, күйдің фазалық диаграммасын пайдалана отырып үрдістің сандық көрсеткіштерін есептей білу; - Ғылыми әрекеттің бар түрін ұйымдастырып жоспарлай білуі керек - Металлургиядағы технологиялық үрдістерді зерттеуге қажетті алдыңғы қатарлы ғылыми тәсілдерді, техникалық құрал жабдықтарды қолдана білу; - Металлургиялық үрдістерге қатысты ғылыми зерттеу және иновациялық қызметін білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Ғылыми-техникалық тақырыптар бойынша аналитикалық шолулар жасау. Патенттік іздестірулер жүргізе білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Командада жұмыс істеу қабылеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. Білімдерді өздігінен игере білу қабылеттілігі
Оқыту әдістері

1. Пәнді оқыту барысында проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиялары қолданылады. Оқыту барысында әр тақырып бойынша проблемалар қойылып, оларды шешу жолдары бірлесіп қарастырылады

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг жекеше тапсырмалар 0-100
есептерді шығару
тест
2  рейтинг дәрістерді қорғау 0-100
есептерді шығару
реферат
тест
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Мыстың кендері мидті мыс кендері мен концентраттарын өңдеудің техно логиялық сұлбасы
  • 2 Сульфидті мыс концентраттарын штейнге балқыту
  • 3 Автогендік процестер Оттықта балқыту
  • 4 Автогендік процестер
  • 5 Мыс штейндерін конвертерлеу
  • 6 Мысты электролиттік рафинирлеу
  • 7 Никелдің кендері мен минералдары
  • 8 Тотықсыздандыра-сульфидтей штейнге балқыту
  • 9 Ферроникель ала балқыту
  • 10 Никель штейндерін конвертерлеу
  • 11 Сульфидту никелель кендерін қорыту
  • 12 Мысты-никелді штейндерді конвертерлеу Никельді лектролиттік рафинирлеу
  • 13 Никель гидрометаллургиясы
  • 14 Кобальттың кендері мен минералдары
  • 15 Конвертер қождарынан кобальт алу
Негізгі әдебиет
  • 1. Түсті металлургияның процестері мен құрылғылары: оқу құралы / С.С. Набойченко, Н.Г. Агеев, С.В. Карелов және басқалар; жалпы редакциясымен. С.С. Набойченко. - Екатеринбург: Орал баспасы. Университет, 2013. – 700 ж. 2. Жаглов В.С. Мыс, никель және кобальт металлургиясы: Прок. жәрдемақы / В.С. Жаглов, З.В. Шерегед. – Өскемен: ШҚМТУ, 2010. – 150 б. 3. Спитченко В.С., Жуков В.П. Мыс және никель металлургиясының жалпы принциптері: / Оқу құралы / В.С. Спитченко, В.П. Жуков Екатеринбург: УСТУ-УПИ, 2009, 215б. 1. Tüsti metallwrgïyanıñ procesteri men qurılğıları: oqw quralı / S.S. Naboyçenko, N.G. Ageev, S.V. Karelov jäne basqalar; jalpı redakcïyasımen. S.S. Naboyçenko. - Ekaterïnbwrg: Oral baspası. Wnïversïtet, 2013. – 700 j. 2. Jaglov V.S. Mıs, nïkel jäne kobalt metallwrgïyası: Prok. järdemaqı / V.S. Jaglov, Z.V. Şereged. – Öskemen: ŞQMTW, 2010. – 150 b. 3. Spïtçenko V.S., Jwkov V.P. Mıs jäne nïkel metallwrgïyasınıñ jalpı prïncïpteri: / Oqw quralı / V.S. Spïtçenko, V.P. Jwkov Ekaterïnbwrg: WSTW-WPÏ, 2009, 215b.4. И.Д.Резник, Г.П.Ермаков, Я.5.Воскобойников В.Г., Кудрин В.А., Якушев А.М. Жалпы металлургия. Жоғары мектептерге арналған оқулық. 6-шы басылым, қайта қаралған. және қосымша - М.: «Академкнига» ХКК, 2005 - 768 б.; 707с. 6. Аветисян Х.К. Блистерді мыс металлургиясы / Х.Қ. Аветисян. - М.: Металлургдат, 2014. - 464 б. 7. Түсті металлургияның процестері мен құрылғылары / С.С. Набойченко, Н.Г. Агеев, А.П. Дорошкевич және басқалар - Екатеринбург: GOU VPO УСТУ-УПИ, 2005. - 700 жж. 8. Куприяков, Ю.П. Мыс концентраттарының шағылыстырғыш балқуы / Ю.П. Куприяков. – М.: Металлургия, 2012. – 352 б. 4. Ï.D.Reznïk, G.P.Ermakov, Ya.5.Voskoboynïkov V.G., Kwdrïn V.A., Yakwşev A.M. Jalpı metallwrgïya. Joğarı mektepterge arnalğan oqwlıq. 6-şı basılım, qayta qaralğan. jäne qosımşa - M.: «Akademknïga» XKK, 2005 - 768 b.; 707s. 6. Avetïsyan X.K. Blïsterdi mıs metallwrgïyası / X.Q. Avetïsyan. - M.: Metallwrgdat, 2014. - 464 b. 7. Tüsti metallwrgïyanıñ procesteri men qurılğıları / S.S. Naboyçenko, N.G. Ageev, A.P. Doroşkevïç jäne basqalar - Ekaterïnbwrg: GOU VPO WSTW-WPÏ, 2005. - 700 jj. 8. Kwprïyakov, Yu.P. Mıs koncentrattarınıñ şağılıstırğış balqwı / Yu.P. Kwprïyakov. – M.: Metallwrgïya, 2012. – 352 b. 9. Мыс өндірісінің металлургиялық процестері: оқу құралы / Е.И. Елисеев, А.И. Волхин, Г.Г. Михайлов, Б.Н. Смирнов. - Челябинск: СУМУ баспа орталығы, 2012. - 22 б. 10. Лықасов, А.А. Мыс металлургиясы: оқу құралы / А.А. Лықасов, Г.М. Рыс. - Челябинск: СУМУ баспасы, 2006. - 75б. 11. Қожахметов С.М. Мыс, никель және алтын пирометаллургиясындағы жаңа тиімді процестер: фав. тр.: екінші кітап. – Алматы: Ғылым ордасы, 2015. – 407 б. 12. Жуков, Владимир Петрович. Мыстың пирометаллургиясы. Теория, практика, қолданбалы статистика: оқу құралы / В.П.Жуков, С.И.Холод; Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігі, Орал. федералды. un-t im. Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин; жалпы астында ред. В.П.Жуков. - Екатеринбург: УрФУ, 2015. - 854 б.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Худяков И.Ф., Клейн С.Е., Агеев Н.Г., Мыс, никель металлургиясы, олармен байланысты элементтер және цехтарды жобалау// - М., Металлургия, 1993 ж. 2. Ванюков А.В., Уткин.Н.И. Мыс және никель шикізатын кешенді өңдеу//-М., Металлургия, 1988 ж. 3. Худяков И.Ф., Тихонов А.И., Деев В.И., Набойченко С.С. Мыс, никель және кобальт металлургиясы, т.1, т.2//-М., Металлургия, 1977 ж. 4. Смирнов В.И., Худяков И.Ф., Деев В.И., Мыс пен никель кендерінен кобальт алу//-М., Металлургия, 1970. 5. Ванюков А.В., Быстров В.П., Васкевич Ф.Д. және т.б., Сұйық ваннада балқу//-М., Металлургия, 1988 ж. 6. Гудима Н.В., Шеин Я.П., Түсті металдар металлургиясы бойынша қысқаша анықтамалық//-М., Металлургия, 1987 ж.