Асыл металдар металлургиясы

Жанузакова Лязат Нарыновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Асыл металдар өндірісі байыту және химия-металлургиялық процестерден тұрады, олардың әрқайсысы белгілі бір физикалық-химиялық заңдылықтарға бағынады. Курста циандау, тұндыру және алтын мен күмістің аффинажы процестерінің термодинамикасы мен кинетикасын, берік кендер мен концентраттардан алтынды алудың кең таралған және келешекті әдістерін, платина тобындағы металдарды алуды және олардың қасиеттерін үйренеді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты алтын, күміс, платина және минералды шикізаттағы оның серіктес элементтерін бөліп алудың заманауи технологияларын, талап етілетін кондициядағы металдарды алудың жаңа әдістерін меңгерген мамандар дайындау тұрғысынан Ц1, Ц2, Ц3 модульдік білім беру бағдарламасының мақсаттарымен сәйкес келеді.
Міндет
  • - жеңіл және түсті металдар өндірісінде қолданылатын технологиялар негізінде жатқан қазіргі заманғы процестерді зерттеу; - болашақ мамандардың асыл металдар өндірісі саласында біліктілігін қалыптастыру; - білім алушыларда алынатын металдардың тазалығына қойылатын қазіргі заманғы техника талаптарын ескере отырып, металдарды алудың заманауи әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - металдарды өнеркәсіптік алудың металлургиялық үрдістерінің технологиялық сұлбаларын есептеуді; негізгі технологиялық жабдықтардың конструктивтік параметрлерін есептеуді; өнімнің болжамды шығуын және қолданылатын реагенттер мен энергия ресурстарының шығынын есептеуді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - уақыт бойынша зерттелетін металлургиялық процестердің бағыттылығын термодинамикалық бағалауды орындау қабілеті; - асыл металдарды өнеркәсіптік алуда гомогенді, гетерогенді және каталитикалық процестердің жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін бағалау қабілеті; - ғылыми ақпаратты өз бетінше талдау, металлургиялық міндеттерді шешу кезінде қалыптасқан пікір түрінде қорытындылаужәне қорытынды жасау арқылы тәжірибелер нәтижелерін түсіндіру қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - металлургиялық процестердің термодинамикалық сипаттамаларын және олардың температураға байланысты тепе-теңдік константаларын есептеу; - реакция жылдамдығын, активтендіру энергиясын және реакция тәртібін реакция концентрациясына байланысты есептеу; - негізгі технологиялық жабдықтарды есептеу үшін кинетикалық есептеулер нәтижелерін қолдану.
Оқыту әдістері

- проблемалық-бағытталған оқыту

- оқу пікірсайыстары, пікірталастар

-оқу-зерттеу қызметінің технологиясы;

- қашықтықтан оқыту технологиясы

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг ауызша жауаптар 0-100
есептерді шығару
тест
2  рейтинг жеке тапсырмалар 0-100
есептерді шығару
реферат
тест
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Асыл металдардың кендері, минералдары, кен орындары
  • Асыл металдардың кендерін өңдеудің технологиялық ерекшеліктері
  • Асыл металдар шикізаттарын өңдеу үрдістері
  • Асыл металдарды кендерден бөліп алудың гравитациялық әдістері
  • Асыл металдарды амальгамдау әдісімен бөліп алу үрдісі
  • Асыл металдарды шашыранды кен көздерінен бөліп алу
  • Асыл металдарды циандық ерітінділеу әдісімен өңдеу
  • Циандық ерітінділерден асыл металдарды бөліп алу әдістері
  • Асыл металдарды ерітіндіден ион алмасу шайырлары және белсендірілген көмір арқылы бөліп алу әдістері, түрлері
  • Асыл металдарды ерітінділерден бөліп алудың экстракциялық әдісі
  • Асыл металдарды ерітінділерден бөліп алудың электролиттік жолдары
  • Асыл металдарды таза түрде бөліп алудың аффинаждық әдісі
  • Платина және платина тобының металдарды
  • Платина тобының металдарын кендік материалдан бөліп алу жолдары
  • Таза металдық түрде бөліп алу әдістері
Негізгі әдебиет
  • 1. Котляр Ю.А., Меретуков М.А., Стрижко Л.С. Металлургия благородных металлов. Учебник. В 2-х кн.. - М.: МИСИС, Изд.Дом "Руды и металлы", 2005, Кн.1, 432 с, Кн.2. 392 с. 2. Стрижжко Л.С. Металлургия золота и серебра М.: МИСИС, 2001. 3. Металлургия благородных металлов. Учебник в 2-х томах / . – М. : МИСиС «Руда и металлы», 2005. – 432 с. 4 Металлургическое сырье, Марченко Н.В.,Ковтун О.Н. Учебное пособие/красноярск, 2017. 5 Комплексная переработка минерального, вторичного и техногенного сырья благородных металлов, Чекушин В.С., Олейникова Н.В. Учебник/Красноярск, 2017.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Общая металлургия [Текст]: Учебник для вузов. 6-е изд., перераб. и доп., – М. : ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с. 2 Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития. – Алматы, 2005. – 290 с. 3 Масленицкий И.Н., Чугаев Л.В., Борбат В.Ф. и др. Металлургия благородных металлов. М.: Металлургия, 1987. - 432 с. 4. Полькин С.И., Адамов Э.Х., Панин В.В. Технология бактериального выщелачивания цветных и редких металлов. - М.: Недра, 1982. - 288 с. 5 Меретуков М. А. Металлургия благородных металлов. Зарубежный опыт / , A. M. Орлов. – М. : Металлургия, 1991. 6 Процессы жидкостной экстракции и ионообменной сорбции в цветной металлургии. – М. : Металлургия, 1978. 7 Металлургия благородных металлов под. ред. . Учебник для вузов. 2-е изд. перераб. и доп. – М. : Металлургия, 1987. – 432 с. 8 Аникин А.В. Золото, – М.: Международные отношения, 1988.