Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Даумова Гульжан Камалбеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Адамның тіршілік ету ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз өзара іс-қимыл тәсілдерін, өндіріс жағдайында шаруашылық жүргізу объектілерінің (ұйымдардың) тұрақты жұмыс істеуін, жағымсыз факторлардан қорғау, зиянды және қауіпті факторлардың алдын алу және зардаптарын жою және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану мәселелерін зерттейтін жоғары мектеп пәні.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Өнеркәсіптік мекемелер жобаларында санитарлық нормаларды қамтамасыз ету

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерді тәжірибелік және теориялық тұрғыда объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің құрамын, технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру болып табылады.
Міндет
  • Жобалық құжаттамадағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерінің шешімдерін қамтамасыз етуді, техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдануды білу студенттер үшін басты міндеттердің бірі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу туралы заңнамалар саласындағы білімді алу, жалпы және салалық техникалық регламенттерді, республикалық стандарттар мен ұйымдар стандарттарын әзірлеу амалдарын, кәсіпорындардың мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекеттесуін меңгеруі
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Тәжірибелік және теориялық тұрғыда объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін техникалық регламенттің құрамын, технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық құжаттамадағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелерінің шешімдерін қамтамасыз етуді, техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүйесін білу, стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде техникалық реттеу әдістері мен принциптерін қолдануды білу студенттер үшін басты міндеттердің бірі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Технологиялық процестерді әзірлеу кезінде көзделетін қауіпсіздік жағдайларын жасаудың негізгі бағыттарын, техникалық реттеуді нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету шараларын қарастыру
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • «Техникалық реттеу туралы» заңның қолданылу облысы
  • Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
  • Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
  • Техникалық регламенттердің мазмұны
  • «Көтергіш-тасымал құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
  • Көтергіш-тасымал құралдарының тежегіштеріне, жүріс доңғалақтарына, тіректі тетіктерге, тең салмаққа және балластқа қойылатын талаптар
  • «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
  • Сұйытылған газдарды тасымалдау үшін цистерналар мен бөшкелерге қойылатын талаптар
  • «Су жылытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
  • Бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар: жобалау кезінде, пайдалану кезінде
  • Технологиялық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптар
  • 10 МПа жоғары 320 МПа дейінгі жоғары қысымды технологиялық құбырлар
  • Технологиялық құбырларды жинақтауға қойылатын талаптар
Негізгі әдебиет
  • 1 Закон Республики Казахстан «О техническом регулировании», Астана, 2004 г. 2. Закон Республики Казахстан «О гражданской защите, 2014 г. 3.«Көтергіш-көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, 2009 жыл, 15 желтоқсан, № 2117 Қаулысы. 4. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, 2009 жыл, 15 желтоқсан, № 2126 Қаулысы. 5. Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары [бұйрық №176. 27 шілде 2009 ж.]. 6. Техническое регулирование:учеб.пособқойылатын талаптар» техникалық регламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, 2009 жыл, 21 желтоқсан, № 2157 Қаулысы. 7 «Су жылытатын жәнеие/И.З.Аронов, Е.В. Белов, В.Г. Версан.-М.:Экономика, 2008.-678 с. 8. Словарь-справочник по техническому регулированию:справочник /И.З.Аронов, А.Л.Теркаль, А.М.Рыбакова.-М.:Стандарты и качество, 2007.-288 с. 9. Гринин А.С. Безопасность жизнедеятельности: учебное пособие / А.С. Гринин, В.Н. Новиков. – М.:ФАИР – Пресс, 2002. – 288 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 10. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территорий при чрезвычайных ситуациях: учеб. пособие / В.В. Денисов, К.А. Денисова, В.В. Гутенев, О.И. Монтовила. – М.: Март, Ростов н/Д: Март, 2003. – 608 с. 11. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности; курс лекций / Н.Г. Приходько. – Алматы: Юридическая литература, 2006. – 366 с. 12. Безопасность жизнедеятельности / под ред. О.Н. Русака. – СПб.: Лань, М.: Омега-Л, 2004. – 448 с. 13. Белов С.В. и др. Безопасность производственных процессов. Справочник / Под ред. Белова С.В. – М.: Машиностроение, 1985 - 448 с.