Құрылымдау негіздері және машина бөлшектері

Касымханов Салауат Женисович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Машиналар мен механизмдерді жобалаудың негіздері. Бөлек механизмдердің жұмыс принциптері, олардың машинадағы өз-аралық қарым-қатынастары, берілген жұмыс шарттары бойынша механизмдердің лайықты параметрлері табу, машиналардың ұзақ уақыттық жұмыс қабілеттерін және сенімділігін көтеру үшін жасалған әрекеттерді, машиналар мен механизмдердің техникалық күтімін орындауды анық білу үшін алдымен машиналардың бөлшектері мен тораптарының негізгі түрлерін, олардың беріктіктік қасиеттерін үйрету.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл пәннің негізгі мақсаты: 1. Студенттерге білім беру: - технологиялық машиналардың құрылымын және жұмысқа қабылеттілік критерийлерін; - машина бөлшектердің есептеу әдістерін және олардың жұмыс істеуінің негізгі теориясын; - механизмдердің ең көп таралған түрлерін жобалау негіздері туралы; - машина бөлшектерінің параметрлері нгеометриялық анықтау әдістері туралы; - бөлшектердің ұтымды құрылымдық формаларын таңдау әдістері туралы; - жалпы тағайындалған бөлшектердің беріктігі мен сенімділігін есептеу негіздері туралы. 2. Студенттер арнайы пәндерді түсінуі үшін бастапқы білім беру. 3. Студенттерді жобалау және құрастыру дағдыларын дамыту.
Міндет
  • Пәнді оқыту мәселелері: Осы ҚНМБ бағдарламаны оқып бітіргеннен кейін студенттер білу керек: - машиналардың және машинажасау өндіріс ролін; - өзіміздің және шетелдегі машинажасау өндірісінің жеткіліктері туралы, оның тарихы туралы; - жалпы тағайындалған бөлшектердің және құрылым бірліктердің классификациларын олардың жұмысқа жарамдылық критерийлерін және есеп жүргізуін; - жалпы тағайындалған бөлшектердің және құрылым бірліктердің технологиялылығын, үнемділігін, сенімділігін және төзімділігін; - стандарттаудың, типтендірудің, бірегейлендірудің, өзара ауыстырымдылықтың және машина құрастыру кезіндегі агрегаттық принциптың ролін;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: инженерлік есептерді шығару үшін, құрылымдау негіздері және машина бөлшектері пәннің базалық негіздерін білу керек; машина бөлшектерін жұмысқа жарамдылығын қалай есептеу керек, оларды тағайындау және функционалды қажеттілігін және бір-бірімен қарым-қатынас жұмыс істеуін ұғу керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Оқыту нәтижесінде студенттер келесіні істей білу керек: - өз бетімен керекті машина бөлшектерін қойылған талаптар бойынша жобалау; - өз бетімен нормативтік-анықтамалық әдебиеттерді таңдап қолдану; - жобалаған кезде машина бөлшектеріне қойылатын талаптарды еске ала отырып жобалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Білу: - машина жасау материалдарын таңдау. Машина құрылымында мүмкіндік кернеулер мен беріктік қор коэффициентін таңдау; -машина бөлшектерінің жұмыс қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері; - берілістер туралы жалпы мәліметтер; - машина бөлшектерінің типтік құрылымдары, олардың қасиеттері және қолданылатын аудандары; - машина бөлшектерінің есебін автоматтандыру негіздері; - жобалау элементтерін үйлесімділеу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Білу керек: - жәңа машиналарды қолдану және олардың сапаларының көрсеткіштерін жақсарту туралы; - кәзіргі уақытта жүргізіліп жатқан ғылым-зерттеу жұмыстары туралы; - құрастырылып жатқан машиналардың инженерлік анализын өткізіп олардың оптималь параметрлерін таңдау.
Оқыту әдістері

Оқұ сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқутыдың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу, модерация, слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Машина жасау материалдары
  • Берілістер туралы жалпы мәліметтер
  • Фрикционды берілістер
  • Белдікті берілістер
  • Тісті берілістер
  • Қиғаш және шеврон тісті берілістердің есептеу ерекшеліктері
  • Цилиндрлі берілістерді беріктікке есептеу
  • Бұрамдықты (иірмекті) берілістер
  • Муфталар
  • Мойынтіректер
  • Машина бөлшектерінің қосылыстары
  • Тойтармалы (заклепкалы) қосылыстар
  • Кілтекті (шпонкалы), көп кілтекті (шлицті) және профильді қосылыстар
  • Бөлшектерді пісіріп қосу
Негізгі әдебиет
  • 1. Иванов М.Н., Финогенов В.А. Детали машин.– М.:Высшая школа, 2005, 408с.
  • 2. Ковчегин Д.А., Петракова Д.А. Детали машин и основы конструирования: справочник.- М.:МГИУ, 2007, 127 с.
  • 3. Андросов А.А. и др. Расчет и проектирование деталей машин:– Ростов-на-Дону: Феникс, 2006, 286 с.
  • 4. Дунаев П. Ф., Леликов П.Ф. Конструирование узлов и деталей машин: учеб. пособие.- М.: Академия, 2003, 496 c.
  • 5. Тимофеев С.И. Детали машин.– Ростов-на-Дону: Феникс, 2005, 410 с.
  • 6. Скойбеда А.Т., Кузьмин А.В., Макейчик Н.Н. Детали машин и основы конструирования: учебник.- Минск: Вышэйш. шк., 2006, 560 с.
  • 7. Жолдасбеков Ө.А. Машина бөлшектері. Алматы, «Рауан», 2006, 356 б.
  • 8. Тәжiбаев С.Д., Серікбаев Д.М. Машина бөлшектері мен құрылымы: оқулық. - Алматы: Сигнет Принт. 2008, 538 б.
Қосымша әдебиеттер
  • 9. Ковчегин Д.А., Петракова Д.А. Детали машин и основы конструирования: справочник.- М.:МГИУ, 2007, 127 с.
  • 10. Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Машина бөлшектері және құрылмдау негіздері. Алматы, «Рауан», 2008.
  • 11. М. Рақымбекова. Материалдар механикасының есептер жинағы : оқу құралы /- Екінші басылымы. - Алматы : Дәуір, 2008. - 247 б.
  • 12. Жолдасбеков Ө.Ә., Сағитов М.Н. Техникалық механика. – Алматы, 2002, – 575 б.
  • 13. Машиностроение. Энциклопедия: Детали машин. Конструкционная прочность. Т. IV/ Под общ. ред. Решетова Д.Н.– М.: Машиностроение, 2005, 215с.
  • 14. Жүнісбеков С., Қадырбаев А. Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы «Бастау», 2008 – 373 б.