Атомдық физика және спектроскопия

Ерболатова Гульнара Уалхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қазіргі таңдағы атомдық физика және спектроскопия толығымен кванттық түсініктерге негізделген. Кванттық механиканың негізгі ұғымдары мен принциптерін жақсы түсіну үшін физиканың дамуы тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар физикалық зерттеулер әдістеріне үлкен көңіл бөлінеді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Бұл курстың мақсаты студенттердің түсініктерін алуы болып табылады: - атомдар мен молекулалардың құрылысы және спектроскопия туралы; - тиісті математикалық деңгейде баяндалған бақылауларды, тәжірибелік тәжірибелер мен эксперименттерді жалпылау ретінде физикалық теория туралы; - Атом физикасында бақылаудың, өлшеудің және эксперименттің негізгі әдістері туралы.
Міндет
  • 1. Пәнді меңгеру міндеттері: - студенттердің ойлау қабілеттерін, өз бетімен оқу, іздену қабілеттерін дамыту; - студенттерді компьютер көмегімен физикалық процестерді модельдеуге үйрету; - студенттерді зерттеу нәтижелерін өңдеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Білімі: Білім алушылар білуге тиіс: - атомдық физика және спектроскопияның негізгі заңдары; - негізгі физикалық құбылыстар, оларды бақылау және экспериментті зерттеу әдістері; - негізгі ұғымдарды тұжырымдау; - физикалық есептерді шешу. Дағдылары: - өзіндік танымдық; - физикалық жағдайларды компьютер және зерттеу нәтижелерін өңдеу көмегімен модельдеп үйрену. Құзыреттері: Түйінді құзыреттер болып табылады: – атом қабықшаларының құрылысы, қасиеттері мен олардағы процесстер, іргелі кванттық-механикалық заңдылықтар туралы негізгі ұғымдарды тұжырымдау; – атомдар мен молекуалалар спектроскопиясы туралы бақылаулар мен эксперименттерді жалпылау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. негізгі спектрлік аспаптарды пайдалану, атом физикасының нақты міндеттерін шешу және олардың Физиканың жалпы заңдарымен арақатынасы
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. атомдық-молекулалық деңгейде кванттық құбылыстар туралы түсінік; кванттық физиканың эксперименталдық негіздері және атомдар мен молекулалардың электрондық қабықшаларымен шартталған физикалық құбылыстар туралы; физикалық модельдер мен гипотезалардың қолданылу шекаралары туралы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. әріптестермен кооперацияға, ұжымда жұмыс істеуге дайын болу; кәсіби қызметте пәннің негізгі заңдарын қолдануға, теориялық және Эксперименталды зерттеу әдістерін қолдануға дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • бөлімнің негізгі ұғымдарын қалыптастыру, физикалық есептерді шешу және физикалық шамалардың тәртібін бағалау.
Негізгі әдебиет
  • 1. Негізгі әдебиеттер 1. Матвеев А.Н., Атомная физика. Учебное пособие.- М.: Высшая школа, 1989.-439с. 2. Сивухин Д.В. Общий курс физики, т.5. Атомная и ядерная физика:ч.1, уч.пособие.-М.1986-416с. 3. Шпольский Э.В.Атомная физика: Учебное пособие в 2-х томах-М.:Наука, 1984, т.2.-483с. 4. Иродов И.Е.Сборник задачпо атомной и ядерной физике. Учебное пособие.- М.: Энергоиздат, 1984.-240с. Қосымша әдебиеттер 1. Гольдин Л.Л., Новикова Т.И. Введение в квантовую физику.-М.: Наука, 1988-328с. 2. Вихман Э. Квантовая физика. М.: Наука, 1986-414с.