Қаржылық талдаудың техникасы

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Қаржылық талдау техникасы" пәні қаржылық талдау туралы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу әдістері туралы білім жүйесі ретінде түсінік береді. Кәсіпорынның қаржылық сауығуына бағытталған шешімдерді негіздеу үшін талдау барысында алынған нәтижелерді пайдалану саласындағы құзыреттерді әзірлеуге ықпал етеді

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу
Міндет
  • «Қаржылық талдаудың техникасы» пәні студенттерге қаржылық талдаудың әдістері, ақпараттық негізі және әдістемелік негізі туралы кәсіптік білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды негіздеп, оны жасауға қаржылық есеп-қисапты сараптау кезіндегі тәжірибелік есептерді орындауға бейімдейді
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржылық талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу
  • Қаржылық талдаудың түрлерін және оның ақпараттық базасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • қаржылық талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде баланс өтімділігін талдау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, несиеге қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін және т.б. талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • қаржылық талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау және талдау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың мынадай белсенді нысандарын қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл жасау; уәждемелік сөз сөйлеу);

берілген жағдайлар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

іздестіру-зерттеу (оқу процесіндегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

оқу міндеттерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Доклад дайындау, тақырып бойынша есеп шығару 0-100
Тақырып бойынша есеп шығару
Тақырып бойынша есеп шығару
Тақырып бойынша есеп шығару
Тестілеу
2  рейтинг Доклад дайындау, тақырып бойынша есеп шығару 0-100
Тақырып бойынша есеп шығару
Тақырып бойынша есеп шығару
Тақырып бойынша есеп шығару
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қаржылық жағдайды талдаудың мағынасы мен мақсаттары
  • Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы
  • Қаржылық талдау әдістері мен тәсілдері
  • Қаржылық есептілікті экспресс-талдау
  • Терең талдау негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
  • Баланс өтімділігі мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
  • Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін талдау
  • Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдау
  • Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау
  • Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау
Негізгі әдебиет
  • Финансовый анализ: учебник и практикум для вузов / И. Ю. Евстафьева [и др.] ; под общей редакцией И. Ю. Евстафьевой, В. А. Черненко. – Москва : Издательство Юрайт, 2021. – 337 с.
  • Техника финансового анализа в контексте антикризисного управления предприятием: Учебное пособие/ О.В.Куур, Р.А. Костырко. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2019. – 170 с.
  • Жилкина А. Н. Финансовый анализ: учебник и практикум для бакалавриата и специалитета / А. Н. Жилкина. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. - 285 с.
  • Шеремет А. Д. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебник / А.Д. Шеремет. – 2-е изд., доп. – Москва : ИНФРА-М, 2021. – 374 с.
  • Анализ финансовой отчетности: учебник / под ред. М.А. Вахрушиной. – 4-е изд., перераб. и доп. – Москва : ИНФРА-М, 2022. – 434 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Пласкова Н. С. Анализ финансовой отчетности, составленной по МСФО: учебник / Н.С. Пласкова. – 3-е изд., перераб. и доп. – Москва : ИНФРА-М, 2022. – 276 c.
  • Комплексный анализ финансово-хозяйственной деятельности фирмы: учебное пособие / В. Е. Афонина, М. Ю. Архипова, О. И. Башлакова [и др.] ; под. ред. В. И. Флегонтова. — Москва : Издательство «Аспект Пресс», 2020. — 333 с.