Материалдар кедергiсi және құрылыс механикасы

Кангалакова Куралай Жанатбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән сыртқы жүктеме әрекетінің әртүрлі жағдайларында конструкция элементтерінің кернеулі-деформацияланған жай-күйінің ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған; конструкциялар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеудің негізгі әдістері мен қағидаттары; кернеулі-деформацияланған жай-күйдің үлгілік түрлері үшін конструкция элементтерінің беріктігіне, қаттылығына және орнықтылығына есептеулер; берілген жүктемелердің іс-қимылы кезінде конструкция элементтерінің кернеулі-деформацияланған жай-күйінің түрлері оқытуға бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны компьютер дәрісханасында

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Материалдар кедергісі және құрылыс механикасы» пәнін оқыту мақсаты – студенттерге денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке алмай олардың қозғалысының геометриялық қасиеттері туралы, денелер инерттілігін және әсер етуші күштерді есепке ала отырып материалдық денелердің қозғалу заңдылықтарын анықтау туралы, сыртқы күштер әсеріндегі серпімді денелердің деформациясын зерттеу және конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеу туралы теориялық білім беру.
Міндет
  • Пәнді оқыту міндеті ғимараттар мен конструкция элементтерін жобалағанда пайда болатын практикалық есептерді шешу үшін теориялық білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғимараттар элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері мен принциптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау ұсыныстарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ғимараттар элементтерін беріктікке, қаттылыққа есептеудің негізгі әдістері мен принциптерін, сонымен бірге инженерлік конструкцияларды тиімді жобалау ұсыныстарын білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Берілген дененің (немесе нүктенің) қозғалу заңдылықтарын біле отырып, дене қозғалысын толығымен, сонымен бірге оның әрбір нүктелерінің қозғалыстарының жеке (траекториясын, жылдамдығын, үдеуін және т.б.) сипаттайтын барлық кинематикалық өлшемдерді анықтауды
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қолданбалы есептерді шешу үшін негізгі заңдарын және тоеремаларын қолдануды.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Деформацияның қарапайым түрлері (статикалық анықталған жүйелердегі созылу-сығылу, бұралу), күрделі деформациялар (көлденең иілу, центрден тыс сығылу) кезінде конструкция элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді орындауды, оның ішінде осы заманғы бағдарламаларды пайдалануды дағдылану
Оқыту әдістері

Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентациялар мен практикалық сабақтарда мәтіндік, аудио және бейнеақпараттар, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Қаттылығы үлкен сырықтарды созу немесе сығу және сонымен бірге иілу кезіндегі беріктікке есептеу. Бейтарап түзулердің орнын және кернеулерді анықтау. 0-100
Қаттылығы үлкен сырықтарды беріктікке есептеу.
2  рейтинг Иілу моменттерінің, көлденең және бойлық күштердің эпюрлерін сипаттау нүктелері бойынша салу. 0-100
Построение линий влияний поперечных сил и изгибающих моментов от постоянных нагрузок многопролетной статически определимой балки, построение линий действия опорных реакций и внутренних сил. Определение внутренних сил при постоянной нагрузке на линии влияния.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Статикалық анықталмаған жүйелердегі созылу мен сығылу
  • Бұралу
  • Күрделі кедергі
  • Күрделі кедергі
  • Статикалық анықталған рамаларды есептеу
  • Пәннің негізгі түсініктері және анықтамалары
  • Ғимараттарды кинематикалық талдау
  • Геометриялық өзгермейтін жүйелерді құрастыру белгілері
  • Көп аралықты статикалық анықталған арқалықтар
  • Негізгі, ілінбелі және көмекші арқалықтарды анықтау
  • Сыртқы күштердің жұмысы
  • Серпімді деформациялардың потенциялдық энергиясы
  • Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
  • Мор интегралы
  • Орын ауыстыруды анықтаудың жалпы әдістері
Негізгі әдебиет
  • 1 Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика: Жоғары кәсіптік «Сәулет» және «Құрылыс» саласындағы мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 2013.- 576б. 2 С. Жүнісбеков - Материалдар кедергісі: оқулық. – Алматы, Бастау, 2015. - 364 б. 3 Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика 1: Жоғары кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар: «Кереку», 2012. 4 М. Немербаев – Материалдар кедергісі: оқулық. – Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -272б. 5 Дүзелбаев С.Т. Материалдар кедергісі II: есептер шығаруға арналған оқу құралы. – Алматы, Бастау, 2015
Қосымша әдебиеттер
  • 7 М. Үркімбаев, С. Жүнісбеков - Материалдар кедергісі теорияларының негіздері: оқулық. – Алматы, Білім, 1994. - 224 б. 8 Дарков А.В., Клейн Г.К. Строительная механика. – М.; Высшая школа, 1976г. 9 Снитко Н.К., Строительная механика. – М.; Высшая школа, 1972г. 10 Киселев В.А. Строительная механика. Специальный курс. – М.; Издательство литературы по строительству, 1969г. 11 Ізденіс. Поиск. Серия естественных и технических наук: научный журнал, Алматы