Машинажасау қосылыстарының беріктігін есептеу, сапасын бақылау және басқару

Курмангалиев Тимур Болатович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Машина жасау конструкцияларының және олардың элементтерінің беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша практикалық есептерді шешу әдістері. Жобаланатын конструкцияның оңтайлы сұлбасын таңдау және конструкция элементтерінің артықшылықтарын дұрыс пайдалану мәселелері. Конструкцияның өзекті элементтерін беріктікке, қаттылыққа және тұрақтылыққа есептеу.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің өзекті элементті құрылымдардың беріктік және қаттылығына байланысты практикалық есептерді шығару әдестерін үйрену
Міндет
  • Өзекті элементті құрылымдардың беріктік және қаттылығын есептудің жаңа әдістерін зерттеу. Өзекті элементтердің тұрақтылығына байланысты есептерді шығару әдістерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өзекті элементті құрылымдардың беріктік және қаттылығын есептудің жаңа әдістері туралы
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобаланатын бекітілістің есептік құрылымын таңдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобаланатын бекітілістің есептік құрылымын таңдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құрылым элементтерінің ішкі күштерін анықтауда жаңа практикалық әдістерді қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобаланатын бекітілістің есептік құрылымын таңдау
Оқыту әдістері

проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиясы;  оқу-зерттеу қызметінің технологиясы;  коммуникативтік технологиялар (дискуссия, пресс-конференция, ми шабуылы, оқу пікірсайыстары және басқа да белсенді формалар мен әдістер));  кейс әдісі (жағдайды талдау);  білім алушылар іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары;  ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Дәрістер бойынша сауалнама 0-100
2  рейтинг Дәрістер бойынша сауалнама 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қосылыстарды есептеу әдістері
Негізгі әдебиет
  • Феодосьев В.И. Сопротивление материалов. – М.: Наука, 2009
Қосымша әдебиеттер
  • Атапин, В. Г. Сопротивление материалов : учебник и практикум / В. Г. Атапин. — 2-е изд., перераб. и доп. — Москва : Издательство Юрайт, 2018. — 342 с