Магниттік, электрлік және арнайы байыту әдістері
Сипаттама: Магниттік және электрлік байыту әдістерінің физикалық негіздері және магниттік және электр өрістеріндегі бөлшектердің бөлінуі жүзеге асырылатын негізгі күштер зерттеледі. Пайдалы қазбалардың пішіні, түсі, ірілігі, беріктігі, серпімділігі, үйкеліс коэффициенті, жылу өткізгіштігі және оларды қоршаушы жыныстарымен басқа да қасиеттерінің айырмашылығына негізделген арнайы әдістермен байытудың теориялық және тәжірибелік мәселелері қарастырылады. Магниттік және электрлік сепараторлардың конструкциялары және олардағы бастапқы материалды бөлу принципі келтірілген. Байыту тәжірибесі және технологиялық сұлбаларды есептеу мәселелері қамтылған.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Минералды шикізатты байыту және өңдеу негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пайдалы қазбаларды байыту үшін магниттік және электрлік сепарация процестерінің теориялық заңдылықтарымен таныстыру
Міндет
- Өнеркәсіпте магниттік және электрлік әдістерді қолданумен минералды шикізатты өңдеу бойынша материалдар беру және теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Магниттік және электрлік байыту процесінің ерекшеліктерін, негізгі жабдықтың құрылмасы мен жұмыс істеу қағидасын, кендердің түрлі типтерінің технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кеннің заттық құрамына, химиялық және басқа қасиеттеріне байланысты кенді байыту әдісін таңдай білу, жабдықтың технологиялық есебін орындау, арнайы техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Оқыту әдістері
- оқытудың интерактивті технологиялары; - компьютерлік оқыту технологиялары; - оқу міндеттерін шешу; - оқу процесі кезінде студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы.
Негізгі әдебиет
- 1. Карамзин В.В., Карамзин В.И. Магнитные и электрические методы обогащения. - М., Недра, 1988. 2. Справочник по обогащению руд. В 3-х томах. Т. 2. Основные и вспомогательные процессы, ч. 1 Основные процессы. - М., Недра, 1974 3. Олофинский Н.Ф. Электрические методы обогащения. Изд. 3-е, перераб. и доп. - М., Недра,1970.
Қосымша әдебиеттер
- 4. Кравец Б.Н. Специальные и комбинированные методы обогащения. -М., Недра, 1986. 5. Карамзин В.В., Карамзин В.И. Магнитные методы обогащения. - М., Недра, 1984. 6. Крутий В.В., Скродский В.Е. Электромагнитные сепараторы для обогащения слабомагнитных руд. - М., Недра, 1968. 7. Абрамов А.А. Переработка, обогащение и комплексное использование твердых полезных ископаемых. - М.: МГГУ, 2004.