Төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаның сапасының мониторингі
Сипаттама: Пән төтенше жағдайлар кезінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың тән ерекшеліктерін бақылау және бағалау бойынша кешенді ақпараттық жүйені, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен олардың жай-күйінің өзгеруін талдау, болжау және бақылау мақсатында, табиғи ортаның теориялық және әдіснамалық негіздерін, экологиялық қасиеттері және аймақтың антропогенезі; ландшафттың экологиялық тұрақтылық дәрежесін. қарастырады
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Қоршаған орта мониторингі экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйені зерттеуді меңгеру.
Міндет
- Табиғи-техникалық геожүйелердің даму заңдылықтарын талдауды мңгеру; -Табиғи ортаға антропогенді әсер берудің рұқсат ететін мөлшерлерін табуды біліп және машықтану дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- глобальді, аймақтық және локальді деңгейде мониторингтік іс-әрекеттерді жүзеге асыру ерекшеліктерін, аймақтық геоэкология мен табиғи-техникалық геожүйелердің кеңістіктік ұйымдастырылуын және адамның тұрақсызданған геожүйелерге бейімделу мүмкіндіктерін білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- экологиялық жағдайларға, оның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына қатыстыталдау жүргізе білуі және қолайсыз жағдайлар туралы ескертіп, оны жою үшін шаралар қабылдап, қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ете алуы қажет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қоршаған орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау, оны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану қоршаған ортаның қауіпсіздігіне байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелерінің проблемалары туралы көзқарасы болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өз қызметін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруды, қоршаған орта жағдайын бағалау, болжау және бақылау саласында әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қоршаған орта мониторингінің негізгі әдістемелерін, яғни қоршаған орта күйінің экологиялық параметрлерінбағалаудың ақпараттық жүйесін қолдана білуі керек және қоршаған ортаға өсіп келе жатқан антропогендік әсер жағдайында табиғи-техникалық геожүйелердің күйін болжай алуы қажет
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді 1) дәстүрлі оқу қызметінің технологиялары (дәріс-семинар). 2) оқу-кәсіптік қызмет технологиясы. 3) проблемалық оқыту технологиясы. 4) дамыта оқыту технологиялары. 5) саралап оқыту технологиясы. 6) іскерлік ойын технологиясы.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Тәжірибелік тапсырмалар | 0-100 |
Өздік жұмыс тапсырмалары; дәрістерді тапсыру | ||
Аралық бақылау тесті | ||
2 рейтинг | Тәжірибелік тапсырмалар | 0-100 |
Өздік жұмыс тапсырмалары; дәрістерді тапсыру | ||
Аралық бақылау тесті | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық (семинарлық), зертханалық сабақтарда жұмыс істеу | Практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және ұқыпты орындайды; қателерді талдауды дұрыс орындайды. Сұрақтарға жауап беру кезінде ол сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарды дәл анықтайды және түсіндіреді; жауапты жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана алады; зерттелген және бұрын зерттелген материал, сондай-ақ басқа пәндерді оқу кезінде алынған материал арасында байланыс орната алады | Білім алушының сұрақтарға жауабы негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ жаңа жағдайда білімді қолданбай, бұрын зерттелген материалмен және басқа пәндерді оқу кезінде игерілген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі; бір қателік немесе екіден көп емес кемшіліктер жіберілді, білім алушы оларды дербес немесе оқытушының аздаған көмегі арқылы түзете алады. | Жұмысты толық орындамады, тек практикалық, зертханалық жұмыс көлемінің кем дегенде 50% - ын орындап, алынған нәтижелері нақты қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта бағдарламалық материалды одан әрі игеруге кедергі келтірмейтін курс сұрақтарын игеруде жекелеген проблемалар бар; бір өрескел қателік пен екі кемшіліктен артық емес жіберілді. | Практикалық, зертханалық жұмысты дұрыс оырдамаған, ал орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; жауапты оң бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды |
Білім алушының өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды дайындап, қорғау | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды толық дайындап, қорғауда жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Өздік жұмысында берілген тақырыптар бойынша тапсырмаларды теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге оқытушы тарапынан түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Жұмысты орындауда таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, және презентация дәйектілігін жете білмейді, оқытушы түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен үрдістерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады |
Дәріс мәліметтерімен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беру | Жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, құбылыстар мен үрдістердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, логикалық және дәйекті түрде мәнін, құбылыстары мен процестерін түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге мұғалімнің өз бетінше немесе шамалы түзетуімен түзететін маңызды емес қателіктер жібереді | Таяз теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, монологиялық сөйлеуді, терминологияны, логиканы және презентация дәйектілігін жете білмейді, мұғалім түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жібереді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, тіпті мұғалім түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады, |
Аралық бақылау тесттеріне жауап беру | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырлған бақылау тесттерінің 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін көрсетуі білім сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланды | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау тесттері қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар 50-69 пайызында болуы мүмкін | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, тест тапсырмаларын орындау сапасы төмен, берілген тесттердің дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы |
Қорытынды бақылау | Теориялық материалдар мазмұны бойынша құрастырылған бақылау сұрақтарын толық талдап, бақылау сұрақтарының 90-100 пайызына дұрыс жауап беру арқылы материалды толық иегергенін | Курстық теориялық мазмұны толығымен, олқылықтарсыз игерілгенімен, кейбір бақылау сұрақтары қателіктермен орындалды, дұрыс жауаптар пайызы 70-89 орындалды | Теориялық материалдар мазмұны ішінара игерілді, олқылықтар бар, оқу бағдарламасында қарастырылған бақылау сұрақтары орындалады, орындалған тапсырмаларда дұрыс жауаптар50-69 пайызында болуы мүмкін. | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, бақылау сұрақтарына жауап беруді орындау сапасы төмен, берілген сұрақтардың дұрыс жауаптар пайызы 49 дан төмен болуы. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Техногендік апаттар кезінде қоршаған орта нысандарының химиялық ластануының мониторингін ұйымдастыру
- Қоршаған орта мониторингінің түрлері
- Төтенше жағдайлар мониторингі және болжау жүйесі
- Апаттар кезіндегі химиялық заттардың қауіптілігі мен қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері
- Атмосфералық ауа жағдайының мониторингі
- Атмосфералық ауа сапасын нормалау
- Су ресурстарының сапалық жағдайының мониторингі
- Су объектілерінің ластануын нормалау
- Жер үсті суларының мониторингі
- Гидрологиялық көрсеткіштерді бақылау бағдарламалары
- Топырақ жамылғысы жағдайының мониторингі
- Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
- Төтенше жағдайларда химиялық заттарды сәйкестендіру және индикациялау ерекшеліктері
- Төтенше жағдай кезіндегі қоршаған орта нысандарының жай-күйін мониторингілеу
- Санитарлық-химиялық барлау жүргізу
Негізгі әдебиет
- 1. Экологический кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 2 января 2021 года № 400-VI ЗРК (с изменениями, внесенными от 02.01.2023 № 184, от 19.04.2023 № 223). 2. Жаманбаева М.К. Қоршаған орта күйінің мониторингі. Оқу құралы. - Өскемен.ШҚТУ, 2021. -110б. 3. Базарбаева, Т. А. Экологиялық мониторинг: оқу құралы / Т. А. Базарбаева, Э. С. Бөрібай, Г. А. Мұқанова. — Алматы : Дарын, 2022. — 287 c. — ISBN 978-601-08-0500-2. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/138579.html 4 Марченко, Б. И. Методы обработки данных мониторинга окружающей среды : учебное пособие / Б. И. Марченко. — Ростов-на-Дону, Таганрог : Издательство Южного федерального университета, 2022. — 165 c. — ISBN 978-5-9275-4266-6. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/129099.html 5. Шилібек, К. Қ. Топырақтың экологиялық күйін суда еритін полимерлерді пайдаланып жақсарту : монография / К. Қ. Шилібек. — Алматы, Москва : EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа, 2024. — 174 c. — ISBN 978-5-4497-3269-9. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/142166.html 6. Каракеян В.И. Мониторинг загрязнения окружающей среды. Учебник, Юрайт, 2016 - 397 с. 7.Киниболоцкая Ю.М., Төлеужанова А.Г. Мониторинг окружающей среды и геоинформационные системы. Павлодар, Кереку. 2015. -137с. 8. Патова Е.Н. Экологический мониторинг. Учебное пособие. Сыктывкар. СЛИ, 2013г. 9. Завгородняя Ю.А., Караванова Е.Н., Салпагарова И.А. Экологический мониторинг. Практикум и семинары. Москва. МАКС Пресс, 2019 г.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Мониторинг, контроль и управление качеством окружающей среды. Часть 2. Экологический контроль: учебное пособие / А. И. Потапов, В. Н. Воробьев, Л. H Карлин, А. А. Музалевский. — Санкт-Петербург: Российский государственный гидрометеорологический университет, 2004. — 290 c. — ISBN 5-86813-138-Х. — Текст: электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART: [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/12504.html 2.Горшков М.В. Экологический мониторинг. Учеб. пособие / М.В. Горшков. - Владивосток: Изд-во ТГЭУ, 2010. - 313 с. 3. Тихонова И.О., Кручинина Н.Е., Десятков А.В. Экологический мониторинг водных объектов. – М.: Инфра-М, 2012. – 152 с. 4. Тихонова И.О., Тарасов В.В., Кручинина Н.Е., Экологический мониторинг атмосферы. – М.: Инфра-М, 2012. – 136 с. 5. IPR SMART http://www.iprbookshop.ru 6. ScienceDirect - http://www.sciencedirect.com. 7. EBSCO Discovery Service (EDS) - http://search.ebscohost.com