Сейсмикалық аудандастыру
Сипаттама: Курс сейсмикалық аудандастыру әдістерін қолдана алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер сейсмикалық белсенді аймақтардағы (геоқұрылымдық және тектоникалық ерекшеліктері әртүрлі) сейсмикалық қауіптілікті картаға түсіру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Бұл картаға түсіру жұмыстары жер сілкінісі ошақтары пайда болатын аймақтарды анықтауға және жер бетіндегі сейсмикалық әсерді зерттеуге негізделеді. Сонымен қатар, курста кәсіби қызметтегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы, сейсмикалық аудандастыру әдістері мен модельдері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік геология және сейсмология негіздері
- Инженерлік геология және сейсмология негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Аймақтардың сейсмикалық қауіптілігін бағалау және сейсмикалық қауіпсіз құрылыс жүргізу үшін қажетті сейсмикалық аудандастыру саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- Сейсмикалық аудандастыру әдістері мен кезеңдері туралы түсінік беру, аймақтың сейсмикалық қауіптілігін талдауға үйрету, жобалау және құрылыс кезінде сейсмикалық аудандастыру деректері мен нормативтік құжаттарды қолдана білу.