2-сабақ. Грамматика
а) зат есім;
ә) зат есім тудырушы жұрнақтар.
Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім?
не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім
(имя существительное) деп аталады. Мысалы:
адам (кім?), оқулық (не?).
Зат есім жалпы есім (имена нарицательные) және жалқы есім (имена собственные) болып екіге бөлінеді.
Заттардың даралап,
жекеленген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы
есім деп аталады. Мысалы: Ербол, Айнұр т.б. Жалқы есім, әдетте,
жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала,
көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары,
географиялық (жер, су т.б.) атаулар, әртүрлі шығарма
(газет, журнал, кітап, ән, күй, би т.б.) аттары болып келеді.
Біркелкі заттардың жалпы
атауы жалпы есім деп аталады. Мысалы: қала, адам, оқушы, көл, ағаш.
Зат есімнің жасалуы. Зат есімдер негізгі (корневые), күрделі
(сложные), туынды (производные) болып
3-ке бөлінеді.
Ешбір қосымшасыз негізгі түбір
күйінде жұмсалған зат есімдер негізгі зат есім деп
аталады. Мысалы: кітап, дәптер, адам.
Зат есімдер бірігу, қосарлану,
тіркесу арқылы жасалады. Олар күрделі зат есімдер деп аталады.
Мысалы: өнеркәсіп, ата-ана, Арал теңізі т.б.
1)
есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы,
-ші: етік+ші, балық+шы, аң+шы т.б.
-лық,
-лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық,
шын+дық т.б.
-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б.
-шық,
-шік: ойын+шық, үй+шік т.б.
-хана, -стан,
-кеш: дәрі+хана, кітап+хана, Қазақ+стан,
арба+кеш т.б.
2)
етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
-ма,
-ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т.б.
-ым,
-ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б.
-қы,
-кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы
т.б.
-ыс, -іс,
-с:
жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б.
-ық,
-ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ,
тіле+к т.б.
-ыш,
-іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б.
-уыш,
-уіш: тырна+уыш, еле+уіш, түйре+уіш т.б.