6-сабақ. Лексика
Пайда
Саудамен айналысатын адамдардың
арасында жиі кездесетін термин – «пайда». Сатып алушы да, сатушы да, ең
алдымен, сатуда, сатып алу, айырбастау процесінде түсетін пайданы
есептейтіні сөзсіз.
Табыскер әр ісін түсетін
пайданы болжап барып бастайды. Кейде болжал ақталуы мүмкін. Ақталған
жағдайда пайдаға кенеледі, ал ақталмаған жағдайда
залал шегері анық.
Сонымен, пайда дегеніміз –
табыстың шығыстан асып түсетін
ақшалай қаражат сомасы.
Пайданың биржалық
пайда, баланстық пайда, кәсіпорынның пайдасы, құрылтайшы
пайдасы, тұтынушының пайдасы сияқты түрлері бар.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева,
М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
сауда – торговля
құрылтайшы – учредитель
пайда – польза
тұтынушы – потребитель
табыс – доход
табыскер – умеющий добывать, зарабатывать
залал –убыток
шығыс – расход
кәсіпорын – предприятие
мүмкін – возможно
болжал – предположение