13-сабақ. Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып,
қысқаша мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерден бұйрық райлы
етістіктерді тауып, қай жақта айтылғанына назар аударыңыз.
Үлгі: айтпа – ІІ жақ, жекеше, анайы
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Аға алдында пейіліңді
көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Оң қолың ұрыс
бастаса,
Сол қолың арашашы
болсын.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Сату, айырбастау, алу.
4-тапсырма. Берілген етістіктерді кестеге толтырыңыз.
Сену, жазу, жеңу, отыру, бару, келу, айту, орналасу, сөйлесу,
салу, сату.
|
Етістік |
-айын -айық |
-ейін -ейік |
-йын -йық |
-йін -йік |
-ыңдар -іңдер |
-ңдар -ңдер |
-ыңыздар -іңіздер |
-ңыздар -ңіздер |
-сын -сін |
|
сену |
|
+ |
|
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
жазу |
+ |
|
|
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Жеңілдетейік, қабылдансын, алайын, орналасыңыз,
жоспарла.