6-сабақ. Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, қысқаша
мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Берілген
сөздерді септеңіз және сөйлем
құраңыз.
Пайда,
тұтынушы, табыс, студенті, оқушым.
3-тапсырма. Берілген
үлгі бойынша мәтіннен ілік, барыс, көмектес септіктеріндегі
сөздерді теріп жазыңыз.
Үлгі:
ілік
септік |
барыс
септік |
көмектес
септік |
адамдар+дың |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті ілік септік жалғауын
қойып, берілген мәтінді көшіріп жазыңыз.
Тауарды сатып аларда, біз тауар...
сапасына, түр-түсіне және міндетті түрде бағасына
көңіл аударатынымыз белгілі.
Баға дегеніміз – өнім...,
бұйым..., тауар..., жұмыстар..., қызметтер... ақшалай
құны. Баға өндірістік шығынға, істелген
еңбек мөлшеріне, орташа пайда... сомасына, сұраныс пен
ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты
қалыптасады.
Баға... мынадай
түрлері бар: биржалық баға, әділ баға, шартты
баға, көтерме сауда бағасы, босату бағасы, сатушы
бағасы, еркін баға.
Құн – тауар...
бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал жабдықты сатып
алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді
көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған
ақшалай шығын.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева,
М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік
жалғауларын қойыңыз.
Әсет тапсырма... орындады.
Олжас Ұлттық банк… жұмыс істейді. Біз... университет
Серікбаев көшесі… орналасқан. Директор... орынбасары Астана… кетті.
Ол оқу, білім мақал-мәтелдер… көп жаттады. Сағат
сегіз… екі… дейін сабақ болады.