№ 184–595–25 AP26198919 «Әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі қазақстандық отбасы: жаңғырту жағдайындағы институтаралық өзара әрекеттестіктің әлеуеті мен мәселелері» гранттық ғылыми жобасын іске асыру жоспарына сәйкес 2026 жылғы сәуірде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына және ҚР ҰҒА кітапханасына ғылыми іссапар өтті.
Жоба жетекшісі Э. Столярова мен жобаның жетекші ғылыми қызметкері Ж. Әубәкірова Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновпен, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА профессоры және академигі және бөлім басшысы А.Уалтаевамен кездесті. Әңгіме барысында ғылыми басылымдармен алмасу, одан арғы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, жоба тақырыбы бойынша ғылыми консультациялар өткізілді. ХКЖК ұсынған басылымдардағы және шетелдік жоғары рейтингтік журналдардағы бірлескен жарияланымдарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, іссапар бағдарламасына қосымша ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы А.К.Сәдуақасовамен кездесу өтті, ол жоба шеңберінде әлеуметтік зерттеу әдіснамасы мәселелері бойынша кеңес берді.
ҚР ҰҒА кітапханасының сирек кітаптар қорынан іздеу жүзеге асырылды, бұл ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы бірегей басылымдармен жобалық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми дереккөздер тізімін толықтыруға мүмкіндік берді.
«DSR» ХЗҒО