Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқу базасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» ұлттық кездесу сериясы аясындағы алғашқы іс-шарасы өтті. Бұл бастама бұған дейін жаз айларныда Ақтау, Астана, Шымкент Алматы, Көкшетау және Семей қалаларында жүзеге асырылған болатын.

70-ке жуық белсенділер мен еріктілер жиналып, әрбір бала үшін қолайлы болашақ қандай болуы керек және осы жолда аймақ жастары қандай рөл атқара алатынын талқылады.

Іс-шарада қатысушыларға Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма-мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл және облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкері волонтерларға құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара аясында Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің алдында тұрған нақты қиындықтар интерактив форматта талқыланды. Қатысушылар волонтер болу тек көмек көрсету ғана емес, көшбасшылық, қауымдастықтың күші және жағдайды жақсарту мүмкіндігі екенін талқылады. Жастар ЮНИСЕФ-тің еріктілік бастамаларына қатысу тәжірибелерімен бөлісіп, сторителлинг пен ашық микрофон сессияларына қатысты.

Іс-шараның жалғасы волонтерлар үшін интелектуалды куиз ойындары мен бала құқықтары туралы конвенцияның бабтарын талқылаулармен пікір алмасулармен аяқталды.

Халықаралық ұйымдардың өкілдерімен өтетін мұндай кездесулер студенттік жастар арасындағы волонтерлік қозғалыстың дамуына маңызды серпін бере алады.