2026 жылғы 2 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Қазақстандағы демографиялық үдерістер: жас ғалымдардың зерттеулеріндегі тарих және өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясында іске асырылып жатқан АР26198933 «Шығыс Қазақстан: Семей және Өскемен қалалары кеңістігінің әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-мәдени трансформациясының траекториялары» гранттық жобасының кіші ғылыми қызметкері қатысты.

Ғылыми іс-шара Қазақстандағы демографиялық үдерістердің тарихи және қазіргі қырларын, халықтың әлеуметтік-демографиялық дамуының өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ жас ғалымдардың зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналды.

Жоба аясында «Семей қаласының қазіргі демографиялық кеңістігі: көші-қон, отбасылық байланыстар және қалалық бірегейлік» атты ғылыми мақала дайындалды. Конференцияда зерттеудің алғашқы нәтижелері ұсынылып, осы тақырып бойынша ғылыми баяндама жасалды. Зерттеуде Семей қаласының қазіргі демографиялық кеңістігін қалыптастыратын факторларға, соның ішінде көші-қон үдерістеріне, қала тұрғындарының отбасылық және туыстық байланыстарына, халықтың қалалық ортаға бейімделу ерекшеліктеріне және қалалық бірегейліктің қалыптасуына ерекше назар аударылады. Жоба аясында жинақталған эмпирикалық материалдар қала кеңістігінде жүріп жатқан әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-мәдени трансформацияларды кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция кәсіби пікір алмасуға, демографиялық зерттеулердің жаңа бағыттарын талқылауға және Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-демографиялық үдерістерді кешенді пайымдауға арналған ғылыми алаңға айналды.

«DSR» ХҒЗО