2025 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. ШҚО-да отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша бір жылғы жұмыс қорытындыланды.
Өңірдегі демографиялық ахуал және оның динамикасына әсер ететін факторлар туралы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ «Digital Social Research» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдары баяндама жасады: .Н.Алексеенко, тарих ғылымдарының докторы, жетекші ғылыми қызметкер және Н.Л.Ккраснобаева, тарих ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми қызметкер.
Олар өз сөздерінде облыстағы негізгі демографиялық үдерістердің параметрлері мен трендтерін белгілеп, Орталықтың жұмысын және оның жаңа гранттық жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, «Қазақстандық отбасы қоғамдық қатынастар жүйесінде: жаңғырту жағдайындағы институционааралық өзара іс-қимылдың әлеуеті мен проблемалары» жобасының тұжырымдамасы таныстырылды.
Сарапшылардың баяндамалары үлкен қызығушылық тудырып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін облыстық жоспарлау және әкімшілендіру процестеріне ықпалдастыру қажеттігі атап өтілді.
«DSR» ХҒЗО