Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қабырғасында Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп: өзара іс-қимыл мен қоғамдық қауіпсіздікті күшейтудің басымдықтары» атты кеңейтілген форум өтті.

Ауқымды іс-шараға облыс әкімі, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты.

Форум – Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасына дайындық аясында және қоғамда «Закон және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен әрекеттердің тиімділігі, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылы, жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Осындай форумдар алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлерінде өтеді деп жоспарлануда.