«Абай» әдеби клубы

Клубтың мақсаты: жас ұрпаққа әдебиет пен өнер туындыларының дамуына үлкен үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірін насихаттау. Клубтың талаптары: белгілі тұлғалар шығармашылығы мысалында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі; қызықты адамдармен кездесулер, кештер, жаңа кітаптардың презентациялары, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, оқу конференциялары, сондай-ақ конкурстарға қатысу.