«А.С. Пушкин» клубы

21.09.2018ж. күні 1-2 курстың студенттері үшін А.С. Пушкин клубының презентациясы өтті. Клубтың жоспарымен танысу, студенттерді әдеби клубқа тарту презентацияның мақсаты болып табылды. Кездесулерде клубтың мақсаттары мен міндеттері жарияланды.  

Клубтың мақсаты – дарынды жастарға жәрдемдесу және оларды дамыту, шығармашылық қарым-қатынас, орыс әдебиеті классиктерінің мұраларын насихаттау.

Клубтың міндеттері:

  • Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттері арасында талантты жастарын анықтау, көркем сөз арқылы шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу;
  • Пушкин мұрасын зерттеу барысында техникалық мамандықтарының студенттерінде қызығушылықты қалыптастыру, орыс тілінің мәдениетіне кіріспе;
  • 1-2 курс студенттерін ғылыми жұмыстарға тарту, конференцияға баяндамаларды дайындау; орыс тілі олимпиадасына қатысуға дайындық.