Зерде клубы - студенттерді интеллектуалды дамыту бағытында Қазақстан тарихы және әлеуметтік –саяси пәндер кафедрасында, Гуманитарлық білім беру және дене шынықтыру мектебінде құрылды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген инженерлерге тек техникалық жағынан ғана емес, заман талабына сай сананың ашықтығы, прагматизм сынды қасиеттерді арттыру мәселесінің өзектілігі артқаны белгілі. Өз жұмысында клубтың алдына қойған мақсаты жаһандану сындарына төзімді, жан жақты дамыған ұлт тағдырына жауапты жастарды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия ғылымдары бойынша студенттерге қызықты тақырыптармен жұмыс жасау. Әлемнің таңдаулы 100 оқулықтарымен тереңірек танысуға бағыт алу. Болашақ мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, үкіметтік емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсету, сыни ойлауға, интеллектуалдық пікірталасқа жетелейтін түрлі материалдармен қамтамасыз ету қарастырылады. Визуалдық материалдар кең қолданылады. Қызығушылық тудырған тақырыптардағы негізгі ойлар мен ұстанымдарды нақтылауға, сараптауға бағдар көрсетеді. Бұған қоса, ойды тұжырымдау, талдау, тиянақтау мақсатын нақтылайтын сұрақтар қарастырылады. Саяси сана сезімді және саяси мәдениетті қалыптастыру; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуына; арнаулы және гуманитарлық білімдерді үйлестіруге, кәсіби этиканы тудыруға көмектесу.
Клуб жетекшісі Садвакасова Жанар Амангалиевна, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы. Клуб мүшелері ретінде студенттік өмірін пайдалы әрі қызықты мағлұматтармен толықтыруға ниеттенген, белсенді, білімді студенттері бола алады.