Кружки

Ағылшын тілінде қызмет істейтін «Freedom»

Ағылшын тілінде қызмет істейтін «Freedom» пікірталас клубы 24.11.2016 бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 150-ден астам ойын өткізілді, сонымен қатар, бұл ойындар құрамына біздің қатысушылар жүлделі орындарға ие болған қалалық жарыстар кіреді. Клуб тілдік кедергілерді еңсеру және тұтастай ағылшын тілін жетілдіру үшін жақсы платформа ұсынады. Осының есебінен қатысушылар шетелде академиялық ұтқырлық бойынша тестілеуден және сұхбаттан табысты өтуде. Біздің клубтың белсенді мүшелері АҚШ, Польша, Испания, Болгария сияқты елдерде оқып шықты. Біздің клубқа өз тәжірибелерімен бөлісетін американдық жоғарғы оқу орындарының профессорлары, әртүрлі қызықты тұлғалар кездесуге келіп тұрады.


“Soleil” клубы

«Soleil» клубының ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы Сауле Уалиева клубтың құрылу мақсаттары туралы айтып берді.

- «Soleil» ауызекі ағылшын тілін үйрену, шетелдік қонақтармен, ғалымдармен және профессорлармен кездесу және тілдесу үшін құрылған. Клубтың негізгі міндеттері: әртүрлі елдердің мәдениетімен, дәстүрлерімен және қоғамдық өмірімен танысу; ауызекі ағылшын тілінде әңгімелесу дағдыларын дамыту және жетілдіру; шетелдік қонақтармен, ғалымдармен және профессорлармен еркін қатынасу. Клубтың жұмысы ағылшын тілінде жүргізіледі, - деп атап өтті Сәуле Уалиева.

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ “Soleil” КЛУБЫ МЕН «ЭРУДИТ» ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ КЛУБЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!