Диссертация
05.10.2016
Магистрант
Сәлеметсіз бе, құрметті Жасулан Кудайбергенович! Мен осы жылы магистратураны аяқтап, диплом алуым керек еді. Бірақ денсаулық жағдайыма байланысты диссертациямды қорғай алмадым. Сізге қояр сұрағым, енді келесі жылы диссертация қорғауға кіруге мүмкіншілігім бар ма? Рахмет!
21.10.2016
Құрметті магистрант!
Сіз теориялық курсты толық аяқтасаңыз және кешенді емтиханды тапсырсаңыз, диссертация қорғау үшін қорғау аяқталуына дейін бір ай кешіктірмей қайта қабылдана аласыз. Қорғау мерзімі Академиялық күнтізбеде магистратураның оқу мерзіміне сәйкес көрсетілген (Білім беру порталында «Білім алушыға» орналасқан).
Сұрағыңызды шешу үшін медициналық құжаттарыңызбен деканатқа баруыңызды сұраймыз.
Последние комментарии
Не отображать