14.06.2011
Құрметті Әсет!
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де мемлекеттік тілді білетін мамандар дайындауға аса көп көңіл бөлінетіндігі. Осы сұрақтар үнемі университеттің Оқу және Оқу-әдістемелік кеңес, ректорат, деканат, кафедра және т.б. отырыстарында талқыланып шешіледі. Жыл сайын «Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағадраламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары» орындалады.
Кафедраларға мемлекеттік тілді білетін, білікті мамандарды қабылдау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. Сол сияқты, магистратураның 55 түлегі қазақ тілінде дәріс беру үшін оқытушы ретінде қалтырылды. Соның нәтижесінде соңғы 5 жылда қазақ тілінде оқытатын оқытушылар саны 41 пайыздан 50 пайызға дейін, ал студенттер саны - 18 пайыздан 24 пайызға дейін өсіп отыр.
Ағымдағы оқу жылында 2363 адам мемлекеттік тілде білім алуда, 362 оқытушы қазақ тілінде дәріс оқып, зертханалық және тәжірибелік оқытуды жүргізіп, курстық және дипломдық жобаларға жетекшілік жасап, оқу үдерісін қамтамасыз етеді. Жаңа, 2011-2012 оқу жылынан бастап қазақ бөлімінде барлық сабақтар тек қана мемлекеттік тілде жүргізілуі жоспарланып отыр.
Последние комментарии
Не отображать