Магистратура

07.04.2014 Назерке Алтаевна
Салеметсиз бе, курметтi Нурлан Муханулы. "5В060900-География" мамандыгын 2013 жылы С.Аманжолов атындагы ШКМУ-дан аяктадым. Д.Серикбаев атындагы ШКМТУ-дын "6М050600-Экономика" мамандыгына магистратурага тусуге мумкиндик бар ма? Тапсыруга болатын жагдайда пандерден пререквизит тапсыру уакыты кашан?(1 пан тапсыру багасы канша?) Откен жылы бул мамандыктын казак болiмiне мемлекеттiк гранттар болiндi ме? Алдын ала рахмет, жауап кутемiн.
15.04.2014
Сәлеметсіз бе, Назерке Алтаевна! 6М050600-Экономика мамандығына магистратураға түсуге мүмкіндігіңіз бар. Бұл мамандық бойынша пререквизиттер келесідей: 1) Экономикалық теория (БП) 1 кредит; 2) Кәсіпорын экономикасы (ПП) 2 кредит. Пререквизиттерді меңгеру қыркүйектің басында магистратураға қабылданған туралы бұйрықтан кейін басталады. Мамандық бойынша магистратураға түсу емтихандары келесідей: 1) Макроэкономика; 2) Кәсіпорын экономикасы. Бұл мамандыққа орыс және қазақ тобына да грант болған жоқ, биыл белгісіз. Толығырақ акпаратты сіз жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінен немесе экономика және менеджмент факультетінен алуыңызға болады (78-52-66, 54-07-58 телефондарына сәйкес).