Доска почета
28.04.2016
Студент
Сәлеметсізбе Құрметті ректор мырза! Доска почета жайлы жазған студенттің хатын оқи келе менде бір сұрақ пен ҰСЫНЫС түсіп отыр! Алдыңғы жылы www.do.ektu.kz порталының студенческая жизнь парақшасының ішінде "ПЕРСОНЫ" деген айдары болатын. Соның ішінде Университеттің ең үздік оқыған және бітірген, атаулы және президенттік стипендия иегерлерінің аттары мен фото суреттері болатын. Сол парақша қазірде алынып тасталды, неліктен? Соны қайтадан орнатуыңызды сураймын, себебі әрбір студент немесе түлек өзінің жақсы оқып, үлгілі студент болғаның, талай еңбек кеткенін бағалайды. Сол еңбектің жемісін Университет қабырғасындағылар бағаламайды, олай деп қорытындыға келгенім сол ПЕРСОНЫ айдарының алынып тасталуы болып табылады. СОЛ қойылған ақпараттар оқып жатқан студенттерге үлгі болғанын қалаймын, есімдері ешқашан ұмытылмасын деп ойлаймын. Сізді осы атаулы және президенттік стипендия иегерлеріне арнап оқу порталынан парақша ашып, үлгі ретінде қоюларыңызды сұраймын. Рахмет
10.05.2016
Құрметті студент! Университет ресми сайтының «Студенттік өмір» парақшасында орналасқан ең үздік оқыған, университеттің қоғамдық, шығармашылық және спорт өміріне үлес қосқан оқу орнының білім алушыларының тізімі жандандыруда. Аталған айдар жуық арада университет сайтына орналастырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін, Сіз ақпараттық білім беретін технологиялар бөлімшесінің жетекшісі Зуев Виталий Николаевичке және жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Байгереев Самат Рақымғалиевичке хабарласуыңызға болады (бас корпус, Г-1-225, Г-1-201 кабинеттері).
Последние комментарии
Не отображать