поступление

11.07.2015 Фархат
Салеметсіз бе Жасулан Кудайбергенович! Мен ЕНТдан орыс тілсіз 75 балл алдым,5 пән физика. Сізге кояр сурағым: мен осы баллмен кандай мамандыктарга грантка тусе алам?
16.07.2015
Салеметсіз бе, Фархат! Сізге университеттің сайтынан, яғни www.ektu.kz – Талапкер деген бөлімнен Біздің мамандықтар туралы және таңдау пәні бойынша тізбесін көре аласыз. ҰБТ нәтижелері бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төмен балл деңгейі – 100-ден 50 балл (төрт пән бойынша), бейіндік пән бойынша 7 балдан төмен емес, ал қалған пәндер бойынша 4 балдан аз емес мөлшерде болу керек. Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады. Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады. Толық ақпаратты 8(7232) 540-354, 541-309 телефон арқылы ала аласыз.