GPA балл
30.05.2014
Студент
Салеметсиз бе, Нурлан Муханович! Мен 3 курс студентимин, 3 курс бойы барлык сабактардан допуск жок боп экзаменге кирмедим, отбасы жагдайыма байланысты жумыс истедим. Жаз бойы енбек етип, тамызга таман сабактарым барлыгын жабуга мумкиндигим бар ма, 4 курска дейын барлык сабактарымды жапсам?
05.06.2014
Құрметті Студент, «Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға ауыстыру және қайта қабылдау Ережелеріне» сәйкес, келесі курсқа көшіру (GPA) ауыстыру баллы есепке алынып, емтихандық сессиялардың және жазғы семестрлердің нәтижелері бойынша 2014ж. 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Көшіру (GPA) мәні ағымдағы оқу жылының қорытындысы бойынша анықталады. 4 курсқа көшу үшін сіздің GPA көшіру мәні үшінші курстың қорытынды бойынша 2,0 және жоғары болу керек. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 2013-14 оқу жылының Академиялық күнтізбесіне сәйкес ағымдағы оқу жылында екі жазғы семестр өткізілуі қарастырылған: 1) маусымның 4 бастап 28 дейін; 2) тамыздың 15 бастап 29 дейін. Жазғы семестр кезеңінде Сіз GPA көшіру мәніне жету керексіз.
Последние комментарии
Не отображать