24.01.2015
Құрметті Альбина Мұратқанқызы!
ҚР-ның 3.08.270-2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына орай 5В012000 «Кәсіптік окыту» мамандығы түлектерінің кәсіби қызмет объектілері:
- жалпы білім беру мектептері, лицейлер, гимназиялар;
- оқу-өндірістік комбинаттар, оқу-қурстық желілер (кәсіпорындардағы кадрларды кәсіби даярлауды, кайта даярлауды, олардың біліктілігін жетілдіруді ұйымдастыру орталықтары);
- кәсіби-техникалық мектептер, училищелер;
- орта арнайы оқу орындары, колледждер;
- зауыт зертханалары болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 22 қарашадағы №273-П бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына» сәйкес бакалаврлар алғашқы кезде ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық, жобалау ұйымдарының біpінші санаттағы техниктері, кіші ғылыми қызметкерлері, инженер-зертханашылары, инженерлері лауазымдарында, олардың жұмыс өтіліне талап қойылмай, жұмыс істей алады.
Магистратураға қатысты сөз қозғайтын болсақ, қазіргі уақытта «Кәсіптік оқыту» мамандығының магистратурасын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сіз «Құрылыс материалдары, стандарттау, сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедрасына және/немесе сәулет-құрылыс факультетінің деканатына хабарласып, өз мәселеңіз бойынша қосымша ақпарат алуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать