Диплом

16.01.2014 Студент
Салеметсіз бе, Нұрлан Муханович! Сізге қояр салауым: барлық сабақтарым 4 пен 5 ,орташа балым да жоғары болып, арасында жалғыз 3 (71 Балл) болса қызыл дипломды алуға мүмкіндігім бар ма? Жауабыңызға рахмет!
22.01.2014
Құрметті Студент! «Жоғары оқу орындарындағы студенттердің ағымдағы үлгірімін бақылауда сессия аралық және қорытынды аттестациялауда типтік ережелеріне» сәйкес (16.03.2012ж.ҚР білім және ғылым Министрлігінің № 94 бұйрығымен бекітілген) үздік дипломы А, А- «үздік», В-, В, В+(жақсы) бағаларымен және үлгірімнің орта балы (GPA) оқу барысының барлық кезеңіңде 3,5 кем болмаған жағдайда, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағасымен қорғаған студенттке беріледі. Өкінішке орай, Сізде бір С+ (қанағаттандырылған) баға бар болғандықтан, сізге үздік дипломы берілмейді.