02.07.2014
Сәлеметсіз бе, Гульнафис!
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар (колледж) тұлғаларды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзім бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.
Толық ақпаратты Г1-138, Г1-128 дәрісх., 540-354, 541-309 тел. арқылы қабылдау комиссиясында ала аласыз.
Последние комментарии
Не отображать