15.10.2014
Құрметті «студент»!
Сіздің жасаған шағымыңыз еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың: «Біз ешқашан оқуға түсу, жұмысқа тұру және қызмет бабында өсу этностық белгі арқылы шешіледі дегенді ойға да алмауға тиіспіз. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біздің шекарамыз, саяси жүйеміз, экономикалық үлгіміз ел ішінде де, одан сыртқары жерде де ендігі жерде елеулі келіспеушіліктер мен талас-тартылыстардың өзегіне айналмайды. Оған жол бермейміз!», – деп айтып өткен сөздерінің біздің өміріміз үшін көкейтестілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Осыған байланысты, сіз жазған шағымыңызда өзіңіз туралы деректерді (аты-жөніңізді, тобыңызды) көрсетпегендіктен, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Заңының 5-бабына орай бұл шағым анонимді (жазған адамның аты жасырын) деп есептеліп, ресми түрде қаралуға жатпайды. Бірақ, Сіз тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нәзбиев Жақсыгелді Дүсіпқанұлына, сондай-ақ оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор Линок Николай Николаевичке өз мәселелеріңіз бойынша жүгінуіңізге болады (Протозанов көшесі, 69, әкімшілік корпус, сәйкесінше, 412 және 314 кабинеттер).
Последние комментарии
Не отображать