ректорлык грант

05.02.2014 Бектемир
Ректорлык грант калай алуга болады,ректорлык гранттын аныктамасы кандай?
12.02.2014
Сәлеметсізбе, Бектемир! Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының арнаулы гранты жыл сайын университетімізде өткізілетін төмендегі 2 шараның біреуіне қатысып, бірінші орын алған 11-сынып оқушысына беріледі. Университетіміздің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және университетке қабылдау бөлімі мектеп түлектері үшін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының арнаулы грантына арналған дәстүрлі пәндік «Жас Талап-KZ» көшбасшысы» конкурсын және Д.Серікбаев атындағы өңірлік олимпиадасын ұйымдастырып, өткізеді. Қатысушы өзі таңдаған пәні бойынша берілген тапсырманың 70% орындап бірінші орын алған жағдайда, сонымен қатар ҰБТ-ны сәтті тапсырса, таңдаған бейіндік пәніне сәйкес университеттің мамандықтары бойынша («Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа) ШҚМТУ ректорының ГРАНТЫНА - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқына ие болады. 1) «ЖАС ТАЛАП-KZ» КӨШБАСШЫСЫ» конкурсының шарттары: Конкурсқа «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының тұрақты оқырмандары болып табылатын 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс математика, физика, химия, география пәндері бойынша өтеді. Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі: - Бірінші (сырттай) кезең. Бұл кезеңде «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының кезекті сандарына беріліп отыратын үш бақылау жұмысын орындап, оларды электронды пошта арқылы тексеруге жіберу қажет. Бақылау жұмыстары шешімдерінің нәтижелерін арнайы құрылған кон¬курстық комиссия мына мерзімде қарастырады: 1) - 2013 жылғы 30 қарашаға дейін, 2) - 2014 жылы 31 қаңтарға дейін, 3) - 2014 жылғы 30 наурызға дейін; - Екінші қорытынды кезең 2014 жылғы мамырда университет қабырғасында өтеді. Бұл кезеңге тексерілген жұмыстардың нәтижелері мен конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеткілікті ұпай санын жинаған тек 11-сынып оқушылары ғана қатысады. Конкурсқа қатысу үшін университеттің оқу-білім беру порталындағы www.do.ektu.kz оқушыға деген бөлімде өтінімді толтырып, «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» немесе «ЖАС ТАЛАП - KZ» журналына жыл бойына жазылуды растайтын сканерден өткізілген түбіртекті келтіру қажет. Бақылау жұмыстардың шешімдерін міндетті түрде ««ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсы деген атаумен [email protected] электронды мекенжайға немесе пошта арқылы 070010, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, (Г1-136 кабинет) мекенжайына жіберу қажет. Казпочтаның кез-келген бөлімшесінде қазақ тілінде «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» (индекс-74215), орыс тілінде «ЖАС ТАЛАП - KZ» (индекс-75480) журналдарына жазыла аласыз! Журнал жылына 4 рет шығады. Жеке тұлғалар үшін журналдың бағасы – 300 теңге, заңды тұлғалар үшін - 500 теңге. 2) Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ОЛИМПИАДА ШАРТЫ: Олимпиада математика, физика, химия, география, сурет пәндерінен ұйымдастырып, өткізіледі. 1. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім және арнайы (мамандандырылған) білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады. 2. Олимпиадаға қатысу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөліміне мәлімдеме беру керек. Олимпиада 2014 жылғы сәуірде ШҚМТУ-да өтеді. Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7232) 540-285; e-mail [email protected] немесе [email protected].