Послевузовское образование

28.01.2014 Динара
Сәлеметсіз бе? Мен биыл ЖОО-нын аяқтаймын.Менің сізге қояр сауалым:Мен екінші рет ЖОО-на мемлекеттік грантқа түсе аламын ба? (магистратурадан басқа).Алдын-ала рахмет.
12.02.2014
Құрметті Динара! Біздің мемлекет ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тегін техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді, егер азамат аталған білім деңгейінің әрбіреуін алғаш рет меңгеріп отырса, арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарынан және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа. Аталған білім деңгейінің біреуін ақылы негізде меңгеруге заңнамамен тыйым салынбайды.