әскери кафедра

28.10.2012 ата-ана
құрметті Нурлан Мұқанұлы Бірінші курс студенттерін әскери кафедраға оқуға қабылдау тәртібі және мерзімі туралы мағлумат беруіңізді сұраймыз
21.11.2012
Салеметсізбе! Әскери дайындыққа қысқартылған оқу мерзімімен оқитын (колледжден кейінгі) студенттерден басқа, жасы 27 жасқа толмаған, денсаулығы жағынан әскери қызметке жарамды, 1 курстың күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер қабылданады. 2013 жылдың қаңтарының аяғында іріктеу комиссиясы әскери дайындыққа студенттердің іріктеуін жүргізеді. Студенттерді іріктеу кезінде қарастырылатындар: - жергілікті әскери басқару органының комиссиясының медициналық тексерісінің нәтижесі; - студенттің оқу орнындағы емтихан тапсырысынан кейінгі оқу үлгерімінің орташа баллы; - дене шынықтыру нормативтерін орындау нәтижелері. Толық ақпаратты әскери кафедрадан алуға болады (5 оқу корпусы, Дзержинский көшесі 7/2).