кәсіптік білім

03.09.2013 профессиональное обучение
Сәлеметсізбе, Нұрлан Муханұлы! Мен сәулет - құрылыс факультетінің 4 курс студентімін. Біз биыл кәсіптік білім мамандығын сіздерден бітіргелі отырған алғашқы түлектерміз. Қазіргі кезде тобымыздағы барлық студенттер болашақтарына алаңдайды. Оның себебі біз 3 курсқа келгенде 4-ке бөліндік. Оның ішінен 14 студент қоршаған ортаны қорғау және оның қауіпсіздігі мамандығын таңдадық. Бірақ біз АСФ - те оқығаннанба,өзіміз таңдаған мамандыққа қатысты көп ештеңе оқымадық. Біздің мамандығымыз жайлы сабақ беретін мұғалімдеріміздердің өздері өзімізден сұрайды. Біз бітіргеннен кейін колледждерде мұғалім бола аламызба, және қай сабақтан береміз? Біз бұл мамандықты бітіргеннен кейін қандай жерлерде жұмыс істей аламыз? Дипломда қандай мамандықтың бакалаврі деп жазылады, экологияны таңдағандықтан оның қатысы болама?
09.09.2013
Құрметті студент! ҚР МЖМБС 3.08.270-2006 бойынша «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Сіз «Өнеркәсіптік өндіріс» мамандануы бойынша білім алудасыз. Сіздің біліктілігіңіз: «Өнеркәсіп өндірісі және қоршаған ортаны қорғау». Жоғарғы оқу орнын бітірген соң сізге «Кәсіптік оқыту бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Сіз мына қызметтер бойынша жұмыс істей аласыз: - кәсіптік оқыту саласының мұғалімі; - орта және кәсіптік мектептерде, лицейлерде, колледждерде жұмысшы мамандықтарының кешені бойынша арнайы технологияның жалпытехникалық пәндерінің оқытушысы; - өндірістік оқытудың шебері. Сонымен қатар еңбек өтілінсіз бірінші категориялы техник қызметінде, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант болып, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, құрастыру және жобалау ұйымдарында жұмыс істей аласыз. Жоспарға сәйкес студент жалпы білім беру, болашақ кәсіптік қызметіне қатысты, негізгі және бейімделген, жалпы білім беру пәндерін оқиды. Оқытылып жатқан пәндер және және басқа да сұрақтар бойынша толығырақ ақпаратты «Құрылыс материалдары, стандарттау, сертификаттау және кәсіптік оқыту» кафедрасынан (3 ғимарат, Шолохов көшесі, 49) және «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы (Бас ғимарат, Серікбаев көшесі, 19, Г-3-407), соңымен қатар сәулет-құрылыс факультетінің деканатынан (Г-2-323, Г-2-324) біле аласыз. Сонымен қатар, ректорат сіздердің мамандықтарыңыздың студенттерімен кездесуді жоспарлап отыр, сол кезде блокқа қойылған сұрақтар талқыланады.