олимпиада

13.06.2011 Куралай
Салеметсіз бе Нурлан Муханович! Сіздің университетте "Ректор гранты" деген айдарда жаратылыстану пәндері бойынша олимпиада өтеді. Олимпиада жеңімпазына сіздің университетке келіп түссе, онда оған стипендия төленеді ме?
22.06.2011
Сәлеметсізбе Құралай. Жыл сайын мектеп түлектеріне арналған университет ректорының білім беру грантына 2 конкурс өтеді 1. «Жас Талап - KZ» математика, физика, химия, информатика пәндері бойынша (үш қашықтықтан оқыту туры және бір күндізгі тур). 2. Аймақтық олимпиада физика, информатика пәндері бойынша (бір күндізгі тур наурыз айында). «Жас Талап - KZ» және аймақтық олимпиада ережесіне сәйкес жеңімпаздар ректордың білім беру грантына ие болады. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының білім беру гранты, таңдалған пәндерге байланысты бағдарға сәйкес тек «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа, ҰБТ-ны жақсы тапсырған жағдайда тегін оқу құқығына ие болады. Шәкірт ақы төленбейді. Университетке түсуге қатысты сұрақтарыңыз бойынша Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық және қабылдау орталығына келесі мекенжай бойынша хабарласа аласыз: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19 Тел. 54-03-54, 54-13-09