11.06.2012
Құрметті Жәмиля!
1. «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын алу үшін Сіз халықаралық бағдарламалар және академиялық мобилділік бөліміне хабарласуыңыз керек (Әкімшілік корпус, Протозанов көшесі, 69, тел. 26-25-33).
2. Магистратураға түсу үшін Сіз магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттерге ие болуыңыз керек. Қажетті пререквизиттері болмаған жағдайда, магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Пререквизиттерді нақтылау үшін Сіз экономика және менеджмент факультетінің деканатына хабарласуыңыз керек (ШҚМТУ Бас корпусы, Серікбаев көшесі, 19, тел. 540-668, 540-758).
Последние комментарии
Не отображать