ректор гранты

19.06.2013 Акерке
Сәлеметсізбе,Нұрлан Мұханұлы!Мен бұйыртса келесі жылы мектеп бітіріп,ШҚМТУ-ға түссем деген үміттемін.Сұрайын дегенім, сіздердің оқу орындарыңызда конкурстар,олимпиадалар, конференциялар арқылы оқушыларға арналған гранттар бола ма, болса кай кезде болады,шарттары қандай?Сол туралы толықырақ айтсаңыз.Алдын ала рахмет!
01.07.2013
Сәлеметсізбе, Ақерке! Біздің университет мектеп түлектері үшін жыл сайын дәстүрлі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ректорының арнаулы грантына арналған «Жас Талап-KZ» көшбасшысы» конкурсын және Д.Серікбаев атындағы өңірлік олимпиадасын математика, физика, химия, география, сурет пәндерінен ұйымдастырып, өткізеді. Осы пәндерден берілген тапсырманың 70% орындап бірінші орын алған қатысушы - ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда, университеттің мамандықтары бойынша (таңдаған бейіндік пәніне сәйкес «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарынан басқа) ШҚМТУ ректорының ГРАНТЫНА - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқына ие болады. «Жас Талап-KZ» көшбасшысы» конкурсының шарттары: Конкурсқа «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының тұрақты оқырмандары болып табылатын, немесе жақын арада сондай оқырман болатын, Қазақстан мен ТМД елдерінің кез-келген аймағының 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Конкурс екі кезең бойынша өткізіледі: - бірінші (сырттай) кезең. Бұл кезеңде «Ел ертеңі-KZ» немесе «Жас Талап-KZ» журналының кезекті сандарында берілген үш бақылау жұмысын орындап, оларды электронды пошта арқылы тексеруге жіберу қажет. Бақылау жұмыстары шешімдерінің нәтижелерін арнайы құрылған кон¬курстық комиссия төмендегі мерзімде қарастырады: 1) - 2013 жылғы 30 қарашаға дейін, 2) - 2014 жылы 31 қаңтарға дейін, 3) - 2014 жылғы 30 наурызға дейін; - екінші қорытынды кезең 2014 жылғы сәуір-мамыр айларында университет қабырғасында өтеді. Бұл кезеңге тексерілген жұмыстардың нәтижелері мен конкурстық комиссияның шешімі бойынша жеткілікті ұпай санын жинаған тек 11-сынып оқушылары ғана қатысады. Конкурсқа қатысу үшін университеттің оқу-білім беру порталындағы www.do.ektu.kz оқушыға деген бөлімде өтінімді толтырып, «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» немесе «ЖАС ТАЛАП - KZ» журналдарына жыл бойына жазылуды растайтын сканерден өткізілген түбіртекті келтіру қажет. Бақылау жұмыстардың шешімдерін міндетті түрде ««ЖАС ТАЛАП - KZ» көшбасшысы» конкурсы деген атаумен [email protected] электронды мекенжайға немесе пошта арқылы 070010, Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, (Г1-136 кабинет) мекенжайына жіберу қажет. Казпочтаның кез-келген бөлімшесінде қазақ тілінде «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ» (индекс - 74215), орыс тілінде «ЖАС ТАЛАП - KZ» (индекс - 75480) журналдарына жазыла аласыз! Журнал жылына 4 рет шығады. Жеке тұлғалар үшін журналдың бағасы – 300 теңге, заңды тұлғалар үшін - 500 теңге. Д.Серікбаев атындағы өңірлік олимпиадаға қатысушылар: 1. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім және арнайы (мамандандырылған) білім беру мекемелерінің 11 сынып оқушылары қатыса алады. 2. Олимпиадаға қатысу үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөліміне бекітілген үлгімен мәлімдеме беру керек. Олимпиада 2014 жылғы сәуір-мамыр айларында университет қабырғасында өтеді. Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7232) 540-285; e-mail [email protected] немесе [email protected]