президенттік стипендия
02.04.2016
3 курс студенті
құрметті Жасұлан Құдайбергенұлы!
сізден президенттік стипендияны алу үшін конкурс шарттарын сурайын деп едім,
себебі деканат бұл ақпаратқа толық жауап бермеді.
бірінші жылы құжаттарды тапсырдым, бірақ саған бермеді деді.қатарынан бірнеше күн барып сұрап жүрсем де, жауаптан кашып, суық қабақ танытып дұрысын айтпады. деканнын секретарі тек:"Вроде твою стипендию кому-то отдали" деп қалды. Кейіннен декан орынбасарына бардым. Келесі семестрде берип калар ма екен деп сурап едим, ол киси "мен саган бір жұмыстарды берейін, сен орындап жүр, мүмкін беріп қалар келесі жылы" деді.
осы жолғы екінші семестрде тағы да құжат тапсыр деді. Өте асығыс болған соң, алдыңғы өткізген құжаттарды сұрадым. Секретарь білмеймін деп бір кабинетке, басқа кабинеттегі жұмыскер таба алмай үшінші кабинетке жиберіп арен таптық. папканың мұндай таба алмайтын жерде жатканына караганда мүлде каралмағанға да ұқсады. Құжаттарды жауапты қызметкерге тапсырып кетсем де, қысқы каникул уақытында хабарласып жылдам құжаттарды тапсыруымды сұрады. Ақыры документтер бір кісінің кабинетінде жатыр екен, ұмытын кеткен, сірә (алайда ол кісі түгел тапсырамын деп айтқан еді). Бұны мен салғырттық деп есептеймін.
Қаңтар айында да бұл стипендия бұйырмады.
сізге бұл өтінішімді жазбас едім, бірақ осы жолы конкурстан менікінен және тағы да бір үміткер студенттікінен GPA көрсеткіші төмен студент өткенін айтты. Бірнеше олимпиадаға, студенттік конференцияға қатыстым,GPA 2 курста 3.95 , 3 курста 3.91 болды.Мүмкін конкурс шарты өзгерді ме екен?соның анығын айтсаңыз деймін.
Рахмет!
22.04.2016
Құрметті студент!
07.04.2011 жылдың №136 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленген стипендияларды тағайындау Ережелерімен» Президенттік стипендияларға конкурс шарттары анықталған.
Осыған сәйкес:
«5. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
6. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.....
11. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 5, 6 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады».
(берілген Ережелермен сілтеме бойынша танысуыңызға болады: http://www.edu.gov.kz/ru/documents/prikaz-ministra-obrazovaniya-i-nauki-respubliki-kazahstan-ot-7-aprelya-2011-goda-no-136-ob).
Сіз сұрағыңыз бойынша оқу-әдістемелік және тәрбие істері жөніндегі проректор Николай Николаевич Линокка хабарласуыңызға болады (бас корпус, Г-1-205 кабинеті).
Последние комментарии
Не отображать