Ауыстыру туралы

21.01.2014 Болаев Бейімбет
Құрметті, Нұрлан Мұқанұлы. Менің ұлым Қабдрахманов Ернат сәулет-құрылыс факультетінің сәулет бөлімінде(қазақ группасы) оқиды. Бүгін ұлым хабарласып, бала санының аздығынан басқа бөлімге ауыстырып, сәулет бөлімін жабады деді. Бұл қаншалықты заңға сыйымды. Өзі де елімізде қазақ сәулетшілері аз кезде, қазақ еліндегі бұл қандай жабу мен ауыстыру? Басқа балалардың ауысып кетуіне біздің балалардың қандай кінәсі бар? Тиісті шешім шығаруыңызды сұраймын.
28.01.2014
Құрметті Бейімбет Болаев! Расында да жыл сайын жоғары оқу орнында оқу жылының кезекті семестрі басталғанда білім алушылардың контингентіне орай академиялық топтардың реттелуі және курстар ағымының қалыптастырылуы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.05.2013ж. №499 қаулысымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережесінің» 36-тармағына, сондай-ақ ҚР БжҒМ-нің 20.04.2011ж. №152 бұйрығымен бекітілген «Кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесінің» 34-тармағына орай академиялық ағымдар және топтар аталған пән мен аталған оқытушыға жазылған білім алушылардың жеткілікті санын толтыру қағидасы бойынша, және де олардың жеткілікті пайдалылық деңгейге жетуі арқылы қалыптастырылады. Білім беру ұйымы академиялық ағымдар мен топтардың толық болуын өздігінен белгілейді. Жоғарыда айтылған жәйт негізінде Сізге мынадай мәлімет береміз, Сіздің ұлыңыз оқитын 13 АРК-1 тобы қазіргі уақытта 5 адам санынан құралып отыр, және де олар ағымдағы оқу жылының 2 семестрі аяқталғаша осы құрамда оқитын болады. Келешекте, егер топтың құрамы келісуге боларлық деңгейге дейін артылмаса, студенттерді университеттегі басқа мамандыққа ауыстыру ойластырылуда. Сонымен қатар, кез келген студент Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына ауыса алады.