әділдік
19.08.2013
Әділет
Құрметті ректор мырза, сіздерде тек оқытушы-бастықтардың балаларына гана жол ашыла ма - калай? Ал оларда этика деген үғым жұрдай екен!.... Олай дейтінім,менің сіңлім былтыр да түсе алмады, биыл да түсуі күмәнді - себебі кәсіпорын экономикасы бөлімінің меңгерушісі туған қыздарының !!! бәрін жыл сайын!!! әр бөлек мамандықтан!!! магистратурада оқытып алмайынша (беті қызармайды екен ұятсыздың), қазаққа тегін оқуға орын жоқ екен!.. Сенбесеңіз - тексеріп көріңіз....Құдай біледі - қалған оқытушыларыңыз да жанұяларының бәрін оқытып, шетелге жіберіп жатқан болар- мынаған қарағанда....)))
Тексерушіңіз тексеріп, алдыңызға дұрыс жеткізсе жазғанымды - оқығаныңызға рахмет!...
28.08.2013
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистратурасына қабылдауды ұйымдастыруға қатысты Сіздің жасаған мәлімдемеңіз университет басшылығымен қаралды, осыған байланысты төмендегідей мәлімет береміз.
Университет өз жұмысында білім беру қызметін реттемелейтін нормативті-құқықтық кесімдерді; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 «Жоғары білімнің ақысын төлеу үшін білім беру гранттарын тағайындау ережесін бекіту туралы» Қаулысын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы» Қаулысын және т.б. басшылыққа алады.
Университет жоғары оқу орынның және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кез-келген деңгейіне оқуға түсетіндердің барлығына бірдей жағдай жасайды, ал олардың қандай да бір жақтарына байланысты (әлеуметтік, туған-туысқандарының жұмыс орны, ұлттық және т.с.с.) кей-біреулеріне өзгеше ілтипат көрсетпейді.
Сіздің наразылық білдіріп, хат жазуыңызға себеп болған білім алушы кәсіпорын экономикасы кафедрасының меңгерушісінің туған қызы магистратураға ақылы негізде оқуға түсті. Қазақстан Республикасының заңнамасымен ақылы негізде бірдей деңгейде білім алуға шек қойылмайды.
Последние комментарии
Не отображать