19.09.2012
Құрметті Нәзира!
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің конкурсқа қатысып және атулы шәкіртақыларды алуға мүмкіншіліктері бар:
1) Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған;
2) мемлекеттік атаулы – О. Байқоныров, Ш.Үәлиханов, Қ.Сәтпаев атындағы;
3) университеттік атаулы - Д.Серікбаев, әл-Машани атындағы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 07.04.2011 ж. № 136 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған шәкіртақысын тағайындау Ережелеріне сәйкес:
Шәкіртақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, сол сияқты ақылы түрінде оқитын 3 курстан бастап күндізгі бөлім студенттеріне және 2 курс магистранттарына, тек қана «өте жақсы» (А,А-) деген бағаға оқитындарға тағайындалады.
Шәкіртақы оқитындардың келесі категорияларына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиада, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар, фестивальдар жеңімпаздарына немесе жаңалық ашу, ойлап шығару авторларына;
2) ғылыми еңбектердің жинақтарында, республикандық және халықаралық ғылыми журналдарында баспалары бар адамдарға;
3) ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді айналысатын студентерге, жетістіктері дипломдармен, мадақтамалармен, сертификаттармен, куәліктермен дәлелденген;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын студенттерге.
Мемлекеттік және университеттік атулы шәкіртақылары 3 курстан бастап жоғары оқу орындары студенттеріне, білім беру бағдарламаларын жетістіктермен меңгеретін, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқуда, ғылыми зерттеулерде жетістіктері бар және олар дипломдармен (немесе басқа құжаттармен) дәлелденген, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық ашу, ойлап шығару, Қазақстан Республикасы және шетелдің орталық баспаларда ғылыми баяндама жасаған, сонымен қатар білім беру ұйымының қоғам, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатындарға нормативті құжаттарына сәйкес тағайындалады.
Атаулы шәкіртақылары бір академиялық мерзімге тағайындалады.
2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған шәкіртақыны (24) университеттің барлық факультеттер студенттері және магистранттары алады.
Мемлекеттік атаулы шәкірақыларды: О.Байқоныров және Қ. Сәтпаев атындағы – тау-кен металлургия факультеті, Ш.Үәлиханов атындағы – экономика және менеджмент факультеті студенттері алады.
Университеттік атаулы шәкіртақыларды: Д.Серікбаев атындағы - машинажасау және көлік факультеті, әл-Машани атындағы тау-кен металлургия факультеті студенттері алады.
Бұл сұрақ бойынша қосымша ақпаратты Сіз деканаттан, немесе Әкімшілік корпусындағы 314 дәрісханадан (тел. 24-54-29) алуыңызға болады.
Последние комментарии
Не отображать