құқықтану

20.09.2013 Студент
Құрметті ректор! Қазақ топтарында құқық пәндері (мысалы, "Жер құқығы") неге орыс тілінде жүргізіледі? Кафедра басшылығы "Орыс тілінде білім сапалы, сондықтан бәрібір орыс тілінде оқитын боласыңдар" деп шығарып салды. Бұл біздің құқығымызды өрескел бұзушылық деп санаймыз. Сіздер бұл мәселені шеше алмасаңыздар, министрлікке жүгінуге тура келетін сияқты.
01.10.2013
Құрметті студент, сіздің мәселеңізді қарап, «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары келесі шешім қабылдады: «Жер құқығы» пәнінен сабақ жүргізетін аға оқытушысы Г.В. Жукты қазақ тілінде дәріс беретін А.О. Ғабдулинаға ауыстырды.