Рейтинги

11.05.2015 Магистрант
Сәлеметсіз бе, Нұрлан Муханович! Менің Сізге қояр сұрағым мынадай: менде порталда бір пәннен 1-рейтингта 10 балл тұр (себепті жағдайлармен сабаққа келе алмауыма байланысты). Сол пәннен беретін оқытушымен келісіп, порталдан 1-рейтингті ашып, баллымды көтеруге болада ма? Рахмет!
20.05.2015
Құрметті Магистрант, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ «БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУ» 807-III -2013 ҚП сәйкес орынды себептермен (денсаулық жағдайына, спорттық, мәдени, қоғамдық шараларда қатысқаны үшін) сабақ босатқан және деканатқа растау құжаттарын бірінші межелік бақылаудан кейін 3 апта ішінде ұсынған білім алушылар 1МБ балын өзгертуге құқылы. Соныме қатар орынды себептермен сабақ босатқан білім алушыларға растау құжаттарын ұсынғаннан кейін емтихандық сессия ұзартылуы мүмкін (факультет деканының өкімі бойынша